Мәулен Әшімбаев Сенат спикері болып сайланды
Мәулен Әшімбаев Сенат төрағасы болып сайланды, — деп хабарлайды Knews.kz тілшісі.
«Депутаттар жасырын дауыс беру арқылы ел Президенті ұсынған кандидатураны бірауыздан мақұлдады. Әшімбаевты сайлауға 50 депутат дауыс берді, қарсы даулар жоқ», — делінген хабарламада.
Айта кетейік, Мәулен Әшімбаевты Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған болатын.
Мәулен Әшімбаев 2020 жылдың мамырынан 2023 жылдың қаңтарына дейін Сенат төрағасы қызметін атқарған.