Бас прокуратура пікірі: Тасмағамбетовтің күйеу баласына іздеу жарияланады

0

Бүгін бірқатар телеграм-арналар бизнесмен Кеңес Рақышевтың үстінен қылмыстық іс қозғалғанын жазды. Nege.kz сайтының тілшісі мұның анық-қанығын Бас прокуратураның баспасөз қызметінен сұрап білді, деп хабарлайды kznews.kz сайты turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Ақпарат көзінің хабарлауынша, Кеңес Рақышевтың үстінен қылмыстық іс қозғалған. Оның айтуынша, осы аптада оған іздеу жарияланады», – деп жазды ABZHAN NEWS телеграм-арнасы.

Nege.kz сайтының тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне хабарласып, К. Рақышевқа қатысты делінген қылмыстық істің жай-жапсарын сұрады. Алайда Бас прокуратураның баспасөз қызметі «ондай ақпарат жоқ екенін» мәлімдеді.