11 желтоқсан күнгі ауа райы: жауын-шашын мен бұрқасын

0
Ауа райы жаңбыр жел
Фото: Mordovmedia.ru

“Қазгидрометтің” хабарлауынша, 11 желтоқсан күні оңтүстік циклон республикамыздың солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыс және орталық бөліктерінде жауын-шашынға себеп болады, ал еліміздің қалған аумағында жауын-шашын болмайды. Республиканың кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, бұрқасын соғады.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, Жалаңашкөл көлі ауданында 18-23 м/с, жел екпіні 28 метрге жетеді. Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарында 15-20 м/с жел соғады, күндіз Шығыс Қазақстан облысында жаяу бұрқасын болады. Қарағанды, Ақмола облыстарының кей жерлерінде бұрқасын соғады, тұман түседі, Қарағанды облысының кей жерлерінде көктайғақ болады. Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында да тұман түседі, көктайғақ болуы мүмкін. Түркістан, Қызылорда, Қостанай облыстарында тұман түседі. Түркістан облысында тұманға, Алматы облысында қардың еруіне, Маңғыстау облысында желдің күшеюіне байланысты ескерту жарияланды.

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!

Дереккөз: Baribar.kz