Жақында сайланған ауыл әкімдерінің жартысы – бұрын бұл қызметте болмағандар

0

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері Алматыда ауыл әкімдерін сайлау науқанын талқылады, деп хабарлайды kznews.kz сайты inform.kz порталына сілтеме жасап.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері, белгілі саясаттанушылар мен әлеуметтанушылар қатысқан шараны ҚР Президентінің көмекшісі, Ұлттық кеңестің хатшысы Ерлан Қарин ашты.

Ерлан Қариннің айтуынша, бүгінге дейін әкімдерді тікелей сайлау 811 ауылдық округте өткен.

«Бұл сайлау қоғамда, сайлаушылар арасында да, саяси партиялар арасында да үлкен қызығушылық туғызды. Нәтижесінде сайланған әкімдердің 86% саяси партиялар ұсынған кандидаттар құрады. Қалған 14% өзін-өзі ұсынған үмірткерлер болды.

Бұл ретте сайланған әкімдердің жартысы (51%) сайлауға дейін бұл қызметте болмаған жаңа тұлғалар», — деді ол.

Әлеуметтанушы, «Стратегия» әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы» қоғамдық қорының жетекшісі Гүлмира Илеуова Роза Люксембург қорының тапсырысымен әзірленген «Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайлауда тікелей дауыс беруді өткізудің тәуекелдері мен мүмкіндіктері» атты зерттеудің нәтижелерін ұсынды.

Зерттеу ауылдағы экономикалық ахуалды, ондағы халықтың ерекшеліктерін, ауыл тұрғындарының саяси реформаларға қызығушылығы мен электоралдық мінез-құлқын көрсетуге бағытталған.

Сондай-ақ Ұлттық кеңес пен Президенттік жастар кадры резервінің бірлескен зерттеу тобының жетекшісі Александр Данилов Павлодар, Қостанай, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарының әкім сайлауы өткен ауылдық округтерін аралау негізінде әзірленген талдамалық баяндаманы таныстырды.