Күздік көбелек — кеміргіш көбелектер тобының өкілі. Оның биологиясының ерекшелігі, зиянкестердің систематикасы, таралуы, биологиясы
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Орман, жер ресурстары және фитосанитария факультеті
Өсімдік қорғау және карантин кафедрасы
Реферат
Тақырыбы: Күздік көбелек — кеміргіш көбелектер тобының өкілі. Оның биологиясының ерекшелігі, зиянкестердің систематикасы, таралуы, биологиясы
Орындаған: Зейнел Е.Е.
Тобы: ЗР-308Қ
Тексерген: Искендирова Р.А.
Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1. Қабыршаққанаттыларға жалпы сипаттама
2.2. Көп қоректі қабыршақ қанаттыларға сипаттама
2.3. Түн көбелектері
2.4. Күздік көбелекке сипаттама
2.5. Қыстауы. Зияндылығы. Табиғи жаулары
2.6. Есептеу әдістемесі мен күресу шаралары
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Энтомология — жер бетінде, топырақ арасында, суда, ауада таралған жәндіктердің тіршілігін зерттейді. Ауыл шаруашылық дақылдарына насекомдармен қатар жануарлар дүниесінің басқа топтарының (нематодтар, кенелер, жалаңаш шырыштар, кемірушілер) өкілдері де зиян келтіреді.
Жәндіктерді ғылыми түрде зерттеу XVII ғасырда басталды. Энтомологияның негізін салушылар италян биологы М.Мальпиги (1628 — 94), голланд натуралисі Я.Сваммердам (1637 — 80) және француз табиғат зерттеушісі Р.Реомюр (1683 — 1757) болды. XVIII ғасырдың бас кезінде француз энтомологы Ж.Дюфурдың зерттеу жұмыстары арқасында жәндіктерді салыстырмалы анатомия тұрғысынан зерттеу жақсы дамыды. XVIII ғасырдың II жартысында орыс ғалымы П.С. Паллас Энтомологияға көп еңбек сіңірді.
XIX ғасырдың ортасында Энтомология зоологияның жеке саласы болып шықты. Қазіргі кезде Энтомологиялық зерттеулер негізінен екі бағытта жүргізіледі. Жалпы Энтомология жәндіктердің құрылысы мен тіршілігін, олардың жекелей дамуы мен эволюциясын; ал қолданбалы Энтомология (ауылшаруашылық, орман, медицина, мал дәрігерлік болып бөлінеді) ауылшаруашылық дақылдары мен өнімдерінің, орман ағаштарының зиянкестерін, паразиттерді, қансорғыштарды, ауру тарататын жәндіктерді зерттейді. Бұдан басқа Энтомологияның ішінде колеоптерология (қаттықанаттыларды зерттейді), лепидоптерология (қабыршаққанат-тыларды), мирмекология (құмырсқаларды), т.б. салалары бар.
Ауылшаруашылық энтомологиясы ауыл шаруашылық дақылдар мен жайылым өсімдіктерінің және орман ағаштарының зиянкестерін зерттейді. Энтомологияның негізгі міндеті — зиянды насекомдар мен басқа организмдердің зақымдау салдарынан ауыл шаруашылығы өсімдіктері өнімінің шығынын мүлде болдырмау немесе оны мейлінше азайту.
Ауыл шаруашылығы дақылдарын зиянды жәндіктерден ойдағыдай қорғаудың негізгі шарты — оларды бір-бірінен ажырата білу. Одан кейін олардың тіршілік әрекеттерін, яғни биологиялық және экологиялық ерекшеліктерін жете білу керек. Сонда ғана зиянкестерге қарсы күрес шараларын дер кезінде тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік туады.
Негізгі бөлім
Қабыршақ қанаттылар, көбелектер (гр. Lepidóptera, көне грекше — қабыршаққанат) — жәндіктер класының бір отряды. Бұлардың қазба қалдықтары бор кезеңінен белгілі.
Жер шарында кең тараған. Қабыршақ қанаттылырдың 200-ге жуық тұқымдасқа бірігетін 140 мыңдай түрі белгілі. Қазақстанда 3 мыңнан астам түрі кездеседі.
1-сурет. Күздік көбелектің жұмыртқасы
Екі жұп қанаттары болады, олардың беттерін ұлпа қабыршақ басып жатады (отрядтың аты осыған байланысты қойылған). Бұл қабыршақтар көбелектің қанаттарын алуан түске құбылтып тұрады. Қабыршақтарының құрылысы, ондағы пигмент түсі әрбір түр, жүйеленімдік топта әр түрлі болады. Қанаттары бір-бірімен ілмек арқылы жалғасады. Қанатының түсі арқылы күндіз ұшатын көбелектер өз түріне жататын көбелектерді ажыратады, сондай-ақ қанатының түсі мен оның бетіндегі өрнегінің қорғаныштық та маңызы бар. Қабыршақ қанаттылырдың денесінің ұзындығы 3 — 8 мм-ден 200 — 300 мм-ге дейін ең ірісі — Оң түстік Америкалық қоңыр көбелек (жайған қанатының ұзындығы 30 см-дей), Еуропа көбелектерінен — емен көбелегінің қанаты 12 — 15 см. Аузы гүлдің шырынын соруға бейімделген, ұзын тұмсыққа айналған. Тыныштық күйде ол шиыршықталып оралып жатады. Кейбір түрлерінде мұндай тұмсық жетілмеген. Денесі бас, кеуде және құрсақ бөлімдерінен тұрады. Басында бір жұп фасетті көздері, көзшелері және иіс, дәм сезу қызметін атқаратын мұртшалары орналасқан. Бұлардың көру органы жақсы жетілген. Дәм сезу органдары тек аузында емес, кейде аяғында да болады. Кеудесінде үш жұп аяқтары және екі жұп қанаттары бар. Құрсағында 2 — 5 қос жалған аяқтары болады.
Қабыршақ қанаттылыр түрленіп дамиды, яғни жұмыртқадан дернәсіл сатысына өтіп, одан қуыршаққа, қуыршақтан ересек түрге айналады. Қабыршақ қанаттылырдың дернәсілі — жұлдызқұрт. Қабыршақ қанаттылырға ғана тән ерекшелік — жұмыртқасының әр түрлі пішінді болуы.
Қабыршақ қанаттылыр өсімдіктің гүл шырынымен, жемістердің тәтті нәрімен, т.б. қоректенеді.
Көптеген түрі кеште, түнде ұшады. Түнде ұшатын жоғары сатыдағы Қабыршаққанаттылырда есіту органы болатыны анықталған.
Көп қоректі қабыршақ қанаттыларға қоңыр көбелектер немесе түн көбелектері (Noctuidae) тұқымдасының бірқатар түрлері мен қан көбелектері (Pyralidae) тұқымдасының біраз өкілдері жатады. Көп қоректі қоңыр көбелектер кеміргіш қоңыр көбелектер және жер үстілік немесе жапырақ кеміргіш қоңыр көбелектер болып 2 топқа бөлінеді.
Түн көбелектер. Көбелектер орташа мөлшерлі, жайылған қанаттары — 20-45мм.. Толық денелі. Көп түрлерінің түстері сұрғылт қоңыр. Алдыңғы қанаттарында өздеріне тән суреттері бар. Суреттердің пішіндеріне қарап үкі көбелектердің түрлерін анықтауға болады. Көбелектер негізінен ымырт түсе және түнде ұшады. Құрттары ұзынша жолақтары бар сұрғылт қоңыр немесе жасыл түсті болады. Үш жұп кеуде аяқтарынан басқа 3-5 жұп құрсақ аяқтары болады.
2-сурет. Күздік көбелектің жұлдызқұрты
Кеміргіш көбелектер топырақтың жоғарғы қабатында жасырын өмір сүреді. Олар қоректеніп топырақ деңгейінде күздік, жаздық астық дақылдары, жүгері, қызылша, картоп, мақта, темекі, көкөніс, бақша т. б. дақылдарының мүшелерін кеміріп зақымдайды. Түн көбелектердің ең қауіпті түрлері: күздік — Agrotis segetum Schiff. жєне лепті — A. exclamations L. Түн көбелектердің жұлдызқұрттары соңғы жастарында топырақ астында қыстайды. Жұлдызқұрттарының 6 жастық кезеңі болады. Көктемде олар қуыршақтанады. Ересек жәндіктері жұмыртқаларын сабақтың негізіне, төменгі жапырағына, топырақ бетіндегі өсімдік қалдықтарына салады. Жылына 3-4 рет ұрпақ береді.
Күздік көбелек (Agrotіs segetum) — күздік дақылдар, мақта, қант қызылшасы, күнбағыс, жүгері, т.б. өсімдіктер көгінің аса қауіпті зиянкесі.
Ресейдің европалық бөлігінің Қиыр солтүстігінен басқа аймақтарының барлығында, Күнгей Кавказ бен Орта Азияда, Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік шығысында таралған. Қанаттарының өрісі 40 — 50 мм, денесінің ұзындығы 18 — 22 мм; алдыңғы қанаттары қоңыр немесе қара түстес, артқы қанаттары ашық сұр. Жұлдызқұрттары жұмыртқадан шығар кезде ақшыл, бас бөлімі қоңырлау, ұзындығы … жалғасы