Тәліптер түскі асты дәмсіз пісірген әйелді өртеп жіберді

0

Ауғанстанда жас келіншек тамақты дәмсіз пісіргені үшін айыпталған, деп хабарлайды ЭК.

Бұл туралы құқық қорғаушы, бұрынғы судья Наджла Аюбидің Sky News телеарнасына берген сұхбатынан мәлім болды.

Оның айтуынша, лаңкестер әйелді тамақ дайындауға мәжбүрлеген. Бірақ әйелдің аспаздық шеберлігі тәліптерге ұнамай, оны дәмсіз ас әзірледі деп айыптап, өртеп жіберген.

Бүгінде АҚШ-қа қашып кеткен адвокат әйелдерді ұрып-соғу және басқа да зорлық -зомбылық туралы мәліметтер жинап жатыр. Ол сондай-ақ тәліптер ауған әйелдерін жыныстық құлдыққа алып жатқанын, ал құлдарды табытпен Ауғанстанның көрші елдеріне жіберетінін анықтаған.