Елбасы әуе кемелері бортындағы қылмыстар бойынша конвенцияны ратификациялау туралы заңға қол қойды
2018 жылғы 8 желтоқсан 14:06 33
АСТАНА. ҚазАқпарат — ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әуе кемелерінің бортында жасалатын қылмыстар бойынша конвенцияны ратификациялау туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы «Әуе кемелерінің бортында жасалатын қылмыстар және кейбір басқа да актілер туралы конвенцияны және Әуе кемелерінің бортында жасалатын қылмыстар және кейбір басқа да актілер туралы конвенцияны өзгертетін хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Сондай-ақ Елбасы «Әуе кемелерін заңсыз басып алуға қарсы күрес туралы конвенцияны және Әуе кемелерін заңсыз басып алуға қарсы күрес туралы конвенцияны толықтыратын хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Заңдардың мәтіндері баспасөзде жарияланады.