6 жасар қызының көз алдында: Күйеуі ашық-шашық образы үшін блогер әйелін өлтіріп, өзіне қол салды

0

35 жастағы Элиана Феррейра Сиолин мінсіз сымбатымен ерекшеленді. Желіде ашық-шашық образымен танылған әйел күйеуінің қолынан қаза болды, деп жазады Daily Mail.

Элиана Феррейра Сиолин «Тиктокта» іш киіммен түскен видеоларын жариялады. Оның парақшасына 60 мыңға жуық адам жазылған. Алайда күйеуі Алехандро Антонио Агилера Канталлупиге әйелінің әрекеті ұнамаған.

Отбасы Бразилияның Понта-Поран муниципалитетіндегі саяжай  ауласында барбекю ұйымдастырған. Бұл кеште ерлі-зайыптылар арасында жанжал туды. Күйеуі әйелінің жалаңаш күйде желіге шығуына қарсы болды.

Ашуланған ер адам тапанша алып келіп әйеліне 14 рет оқ атқан.

Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары тек Элиананың денесін ғана емес, күйеуін де өлі күйінде тапты. Алехандроның денесі де жақын жерден табылды. 41 жастағы ер адам өз-өзіне қол жұмсаған.

Қайғылы оқиға ерлі-зайыптылардың алты жасар қызының көз алдында болды. Қыз бала қазір туыстарының қолында. Тәртіп сақшылары қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтауда.