Баталов орнынан кетсін: 5 шенді парамен ұсталған Алматы облысы жемқорлық ордасы ма?
Кеше Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен жемқорлыққа қарсы қызметтің бірлескен тобы арнайы операция барысында Алматы облысы білім басқармасының басшысын және бірнеше лауазымды тұлғаны ұстады.
Осыдан бұрын 2020 жылы тамыз айында тағайындалған Талғар ауданының жаңа әкімі Серікжан Казиұлы Ерекешев және оның орынбасары ұсталғаны жайлы жазған болатынбыз.
«Кез келген мемлекеттік қызметкер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаса, оның басшысы, ол саяси болсын, әкімшілік қызметкер болсын жауапкершілікке тартылатын болады. Егер саяси қызметкер болса, отставкаға кетеді. Әкімшілік қызметкерлер жұмыстан босатылады», — дейді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектенов.
Әлде бұл заң Алматы облысының әкіміне қатысы жоқ па? Алматы облысындағы аудан әкімдерін, басқарма басшыларын кім тағайындайды? Әрине, облыс әкімі.
2020 жылы жазда Қарасай ауданының әкім орынбасары 33,5 миллион теңге заңсыз сыйақы алды деп ұсталса, сол аптада Кербұлақ ауданының әкім орынбасар 200 мың пара алды деп ұсталған.
Аталмыш заңның қаншалықты орындалып жатқанын білмейміз. Бірақ, соңғы кездері Алматы облысының аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасары, басқарма басшысы ұсталып жатыр.
Осы ұстаулар туралы Амандық Баталов мырза қалай жауап берер екен? 2020 жылғы әкімдер рейтингісінде пандемияға қарамастан, миллиондап пара алып ұсталып жатқан аудан әкімдеріне қарамастан Алматы облысының әкімі көш бастап тұр.