Байден Трамп туралы: Демократия институтына нұқсан келтірді
АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Джо Байден президент Дональд Трампты америкалық демократия құндылықтарына нұқсан келтіріп, арандату әрекетімен 6 қаңтарда Вашингтонда тәртіпсіздік туғызды деп айыптады.
Байден Трампты демократия құндылықтарына нұқсан келтірді деп айыптады
Байден бұның алдында Капитолий ғимаратына басып кірген Трамп жақтастарын «ереуілдеушілер» деп атамауын сұраған. Саясаткер оларды «бүлікші топ», «ішкі террористер» деп сипаттаған. Сонымен бірге Байден президенттің өзін де сынады. Байден Трамптың отставкасын талап етпесе де, оның мемлекет басшысы қызметіндегі көптеген әрекеті демократия институтына нұқсан келтірді деп мәлімдедДональд Трампі.
Басқа да белді демократ-саясаткерлер Байденнің осы мәселеге қатысты ұстанымын қолдайды. Сенаттағы демократтар жетекшісі және Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси 20 қаңтарда биліктің ауысын күтпестен президент Трампты биліктен кетіруге үндеді. Трамп әкімшілігі оны биліктен алмаса, онда Өкілдер палатасы Трампқа импичмент жариялайды, деп мәлімдеді Пелоси.
Дональд Трамп өзіне қарата айтылған сындарға әзірге жауап бермеді. Оның әлеуметтік желілердегі аккаунттары сәрсенбіде Вашингтонда болған оқиғадан соң бұғатталған.
Бейсенбіде Трамп 20 қаңтарда билікті тапсыруға уәде берді. Бірақ ол сайлауда жеңілгенін әлі мойындаған жоқ.