Атырауда адам өліміне әкеп соққан жол апатын жасаған жүргізуші сотталды

0

2018 жылғы 5 желтоқсан 20:45 38

Атырауда адам өліміне әкеп соққан жол апатын жасаған жүргізуші сотталды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат — Атырауда адам өліміне әкеп соққан жол апатын жасаған азамат 5 жылға сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігімен сотталған Т.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

«Басты сот талқылауында анықталғандай, Т. 2018 жылдың маусым айында «Лада-Ларгус» маркалы автокөлігін Атырау-Астрахань тас жолында басқарып келе жатып, «Тойота-Ипсум» маркалы автокөлігімен соқтығысқан. Алынған жарақаттар салдарынан екі жолаушы оқиға орнында қаза болып, қалған жолаушылар әртүрлі ауырлықтағы жарақаттар алған. Сотта Т. өз кінәсін толық мойындады», — деп хабарлады Атырау облысы Құрманғазы аудандық сотының баспасөз қызметінен.

Айта кетелік, сот Т.-ны кінәлі деп танып, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындап, қосымша жаза ретінде 6 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырды.