АҚШ ЕО-ға Иранға қарсы санкция салу туралы ұсыныс айтты
АҚШ Еуропалық Одаққа Иранға қарсы санкция енгізу туралы ұсыныс айтты.
Уашингтон тарапы Иранның зымыран сынағын өткізуіне және ядролық қаруға қатысты шартты бұзуына байланысты қатаң қаулы енгізу керек дейді. Себебі, бұл зымырандар қорғаныс емес, мемлекеттер арасындағы қақтығыстар мен шабуылдауға арналған. АҚШ-тың Иран ісі жөніндегі арнайы өкілі Брайан Хук: «Басқа елдер Иранмен ядролық келісімді орындай беруге ерікті. Өзге мемлекеттер мен ұйымдарды Теһранға қарсы санкция салуға шақыру қиын. Дегенмен, бұл құжат Ираннан төнген өзге қауіптерге жауап бермейді. Тек баллистикалық зымырандарды сынақтан өткізуіне қарсы тұру керек», – деді.
Теһранның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарына қайшы әрекеттеріне Құрама Штаттары ғана емес, Франция да алаңдаушылық білдірді. Бірақ, Иран бұл айыптарды жоққа шығарып, сынақтарды тоқтатпайтынын айтты.