Орыс тілді қазақтар ұйымдасып митинг өзкізді, қазақ тілділер бір-біріңді күндеп әлі жүрсіңдер, қолдарыңнан б*қ та келмеді
Қоғамдық белсенді Қуаныш Еділханов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында тілдік бөліну және саяси митинг туралы өзекті мәселені айтты.
«Сонымен… бәріміз де іштей біліп отырған, бірақ сыртқа шығарып мойындағымыз келмейтін бір нәрсе айқындалды — ол қазақтың орыс тілді және қазақ тілді болып екіге бөлінуі. Мұны тура ашып айтқан Мұхтар Тайжан.
Ол былай деп кінәлады бізді: орыс тілді қазақтар ұйымдасқан түрде митинг өзкізді, ал сендер, қазақтар, диванда жатып бір-біріңді күндегеннен басқа қолдарыңнан боқ та келмеді деді.
Кеше митинг расында да орыс тілінде өтті, оған адамдар реніш білдіріп, неге қазақша өтпейді деп жатты. Яғни митинг қазақша өтсін десеңдер өздерің қазақша ұйымдастырыңдар деген сөз.
Ал не істейміз енді?» деп жазды Қ.Еділханов.