Кен заттардың көзі мен олардың түзілу тәсілдері туралы қазақша
Кенорындардың пайдалы минералдар массасын қалыптастыратын зат көздері біршама әр түрлі болады. Олардың негізгілері болып саналатындар: 1) қыртыстық немесе мантиялық текті магмалық балқымалар; 2) магмадан оның белгілі бір даму сатысында бөлінуі мүмкін немесе магма балқымасынан байланыссыз пайда болатын газды, газ-сұйық және сұйық ерітінділер; беймагмалық генезисті ерітінділер арасында жер қыртысы мен жоғарғы мантияның терең бөліктерінен газсыздану кезінде жаралатын ерітінділер (Д.С.Коржинский бойынша «трансмагмалың ерітінділер»), сонымен қатар минералданған жер беті мен жерасты суы бөлінеді; 3) эндогендік немесе экзогендік жағдайларда механикалың және химиялың әрекет ықпалына ұшыраған таужыныстар; бұл таужыныстар өздері арқылы балқымалар мен ерітінділер жылыстайтын геологиялық орта болады, осы ортада ерітінділер белсенді әрекет етеді және көптеген пайдалы компоненттер әкеледі немесе алып шығады; 4) әр түрлі жануар мен өсімдік ағзалар тіршілігінің өнімдері; 5) ғарыштан келетін зат.
Пайдалы қазбалар затының минералжасаушы ортада түзілуі де әр түрлі сипатқа ие болады. Аталған зат көздерінің әр түрлілігіне байланысты оның балқымалардан, ерітінділерден түзілуі немесе қатты күйде топтасуы туралы айтуға болады. Заттың балқымалардан түзілуі магмалық және пегматиттік кенорындар жаралған кезінде іске асып, температураның еселеп төмендеуі кезінде кристалданатын сипатқа ие.
Ең кең таралған тәсіл — заттың сулық немесе газдық-сулық табиғи ерітінділерден бөлінуі. Бұл үдеріс әдетте температураның, қысымның, концентрацияның өзгеруімен және ортаның басқа физикалық-химиялық жағдайларымен реттеледі. Зат ерітіндіде иондық-молекулалық формада (шынайы ерітінділер), коллоид бөлшектер (коллоид ерітінділер) немесе жүзгіндер түрінде болатындықтан, оның түзілу тәсілі де әр түрлі болуы мүмкін. Олардың арасында мыналарды айтуға болады: 1) механикалық шөгінді; 2) коллоид ерітінділердің өз бетінше коагуляциясы; 3)әр түрлі химиялық реакциялардың, сонымен қатар булану мен ерітінділер қанығуының нәтижесінде орын алатын химиялық тұну; 4) жануар мен өсімдік ағзалар тіршілігінің және өлуінің нәтижесінде биохимиялық түзілу. Газдық ерітінділерден зат сублимация (құрғақ айдалу) жолымен жиналады. Заттың осы аталған тәсілдер нәтижесінде бөлінуінен пайдалы қазба жатындары жаралады.
Заттық ерітінділер мен қапталдас таужыныстар химиялық алмасу реакциясына түсу кезінде түзілу тәсілін (метасоматоз үдерісін) айрықша айту керек. Ол жапсарлық метасоматоздық кенорьщдар қалыптасу кезінде кең таралған. Бұл үдерісте масса тасымалдану сүзілу-диффузиялық сипатқа ие болып, жаралған пайдалы қазба жатындары алмасу денелері болып шығады.
Заттың қатты күйінде температура мен қысымның өзгеруі кезінде, химиялық белсенді ерітінділердің сүзілуі кезінде болатын топтануы — метаморфогендік генезисті кенорындардағы пайдалы минералдық массалар жаралуының негізгі тәсілі. Бұл кезде масса тасымалдаігу диффузиялық немесе сүзілу-диффузиялық сипатқа ие болады.
Жоғарыда аталғандардың барлығы пайдалы қазба кенорындары қалыптасуының төтенше күрделілігін, кенгенез үдерістерін анықтайтын геологиялық және физикалық-химиялық жағдайлардың әр түрлі екендігін көрсетеді.
#Кен #заттардың #көзі #мен #олардың #түзілу #тәсілдері
Рақмет ретінде жарнаманы баса кетіңіз