Дәрігерлер әйелді босандыру кезінде нәрестенің басын жұлып алды
Бразилияда бірнеше күн бұрын жан түршігерлік оқиға болды. Дәрігерлер жүкті әйелді босандырып жатқан кезде абайсызда жаңа туған нәрестенің басын жұлып алды.
26 жастағы босанған әйел ауруханаға жүктіліктің сегізінші айында келген.
Құрсақтағы ұрықтың дамуындағы проблемаларға байланысты әйелге кесар тілігі жасалуы керек болған. Алайда перзентханада дәрігерлер ота жасаудан бас тартып, науқасты табиғи босануға жіберген.
Нәтижесінде процесс жоспар бойынша жүрмеді: нәресте анасынан шықпай қойған, содан кейін дәрігерлердің бірі баланы алуға күш салған. Осы кезде баланың басы денеден бөлініп, еденге құлаған.