Қазақстандық телеарналардың бірі індет салдарынан хабар таратуын тоқтатады
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Tamasha TV» телеарнасы жарнамадан түсетін табысқа қаржыландырылып келгенін хабарлады
НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде – Sputnik. «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының құрамына кіретін «Tamasha TV» телеарнасы 2020 жылдың 27 шілдесінен бастап хабар таратуын тоқтатады.
Телерадиокорпорациясы әлемдік пандемия салдарынан Қазақстан теленарығындағы жарнамадан түсетін табыс күрт төмендегенін атап өтті. Келесі жылғы болжам да көңіл көншітерлік емес.
Осы күнге дейін «Tamasha TV» телеарнасы жарнамадан түсетін табыс негізінде қаржыландырылып келген. Ол Қазақстандағы ойын-сауық бағытындағы алғашқы арна болып 2018 жылдың 1 қыркүйегінде эфирге шықан болатын.
Телеарна контентін You Tube желісіндегі «Qazaqstan TV» каналынан көруге болады.
Оқи отырыңыз: Талғар ауданының әкімі қайтыс болды
Нарықтағы қиындыққа қарамастан «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының медиаактивтері ұлттық құндылықтарды насихаттап, этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы жұмысын одан әрі күшейте түседі. Бұл ретте биылғы жылдың 30 маусымынан бастап ашылған «Abai tv» мәдени-ағарту телеарнасына артылар жүк ауыр. Арна «Otau TV» ұлттық спутниктік операторы, «Alma TV», «ID TV» кабельдік желілері арқылы қазақ және орыс тілдерінде тәулігіне 17 сағат хабар таратады.