People журналы 2018 жылдың ең тартымды ер адамын атады — Мәнер

0

Британиялық актер, «Лютер» сериалының жұлдызы Идрис Эльбаны People журналы 2018 жылдың ең тартымды ер адамы деп атады.

«Мен ойланып қалып «Шын ба, мүмкін емес. Шынымен бе? деппін», — деп пікір білдірген актер журнал мұқабасындағы суретін көрген сәтте.

46 жастағы Эльбаның айтуынша, мұндай мақтау оған қуанышты тосынсый болып, өз-өзіне сенімін арттырған. «Айнаға қарап, өзімді көрдім де: «Иә, бүгін сен тартымдысың» деп айттым», — дейді актер.

Эльба мына рөлдерімен танымал: «28 недель спустя» үрейлі фильміндегі бригада генералы Стоун, «Рок-н-рольщик» криминал комедиясындағы «Дикая шайка» лондондық бандасының мүшесі, «Мальчики-налетчики» криминал боевигіндегі банда басшысы Гордон Козье және Лютер психологиялық детектив сериалындағы Лютер.

People журналы жылдың тартымды ер адамын 1985 жылдан бері таңдап келеді. Сол уақытта бұл титулға 29 жастағы Мэл Гибсон ие болған еді. 2017 жылы журналдың нұсқасы бойынша америкалық кантри-әнші Блейк Шелтон ең тартымды атағына ие болған.