Плей-оффқа шыққан командалардың тең жартысы анықталды

0

Плей-оффтың алғашқы жолдамасына «Барселона» иелік еткен болатын. «В» тобында өнер көрсететін католониялықтар төрт кездесудің үшеуінде жеңіске жетіп, бір рет тең ойнап, 10 ұпай олжалап отыр. Осы нәтиженің өзі «Барселонаның» 1/8 финалға шығуы үшін жеткілікті. Сейсенбіден бейсенбіге қараған түні олар Голландияның ПСВ клубымен күш сынасады.

Бесінші турдың алғашқы күннің қорытындысы бойынша плей-оффқа жолдама алған командалардың қатарын тағы жеті команда толықтырды. Олар – Германияның «Бавария» (13 ұпай), Голландияның «Аякс» (11 ұпай), Испанияның «Реал» (12 ұпай), Италияның «Рома» (9 ұпай) мен «Ювентус» (12 ұпай) және Англияның «Манчестер Сити» (10 ұпай) мен «Манчестер Юнайтед» (10 ұпай) клубтары.

Бүгін түнде тағы сегіз ойынның куәсі боламыз. Бұл кездесулер мына командалар арасында өтеді:

«Атлетико» (Мадрид, Испания) – «Монако» (Франция)

«Локомотив» (Мәскеу, Ресей) – «Галатасарай» (Түркия)

«Порту» (Португалия) – «Шальке-04» (Германия)

«Тоттенхэм» (Англия) – «Интер» (Италия)

«Боруссия» (Дортмунд, Германия) – «Брюгге» (Бельгия)

ПСЖ (Франция) – «Ливерпуль» (Англия)

«Наполи» (Италия) – «Црвена Звезда» (Сербия)

ПСВ (Голландия) – «Барселона» (Испания)

Чемпиондар лигасының 1/8 финалына шығатын тағы сегіз команда осы ойындардың нәтижесінен кейін белгілі болады.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»