жылан, уы, емдеу, жылан уының зияны
Жылан шағу — улы жыланның сілекей безінен шығатын улы заттың адам мен жануарларға әсер етуі. Жылан уы – иіссіз, ақшыл сары не көкшіл сұйық. Удың әсері жыланнын түріне, жарақаттың тереңдігіне, удың мөлшеріне, дененің қай жерін шаңқанына байланысты. Жылан жылқы, қой, сиырды жиі, шошқаны өте сирек шағады. Жылқыны көбіне тұмсығынан шағады, удың әсерінен жылқының тұмсығы ісіп, 10 — 20 мин — тан кейін уланғандықтың белгісі білінеді уақтылы емдемесе өледі. Қалқантұмсық жылан уының 0, 0015 г — ы қоянды, 0, 008 г — ы итті өлтіреді. Улы жыландардан сұр жылан, көзілдірікті, қалқантұмсық жыландар жиі кездеседі. Сұр жыланның уы малдың нерв жүйесіне өсер етеді, мал еліреді, жүрек соғуы баяулап, ентігеді, ақырында әлсірейді. Шаққан жер ісініп, көпіріп, тері асты жидиді. Көзілдірікті жылан уынан малдың жүрек соғуы бәсеңдеп, лоқсып, тынысы тарылып тұншығады. Ал қалқантұмсық жылан шаққан жер қатты ауырып, талаурап ісінеді, мал өте шаршап, қалғиды. Жылан шаққанда көрсетілетін жәрдем: шаққан жерден жоғары қатты қысып байлап, удың таралуына кедергі жасау. Новокаин, марганец қышқыл калий, мышьяк, хлорлы аммиак т. б. дәрі — дәрмек қолданып, удың зәрін қайтару.