Азаматтық форумда экономикалық өсу мен экологиялық жағдайды жақсарту міндеті талқыланды
Министрлік, Қазақстандағы БҰҰДБ, Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия, Қазақстандағы АДБ, CSI «Стратегиялық бастамалар орталығы), «Астана» халықаралық ғылыми кешенінің бәсекеге қабілеттілік орталығы, «Сарапшылардың инклюзивтік қоғамдастығы – Қалаға құқық» РМҚБ, Қазақстандағы Дүниежүзілік банк өкілдері спикер ретінде қатысты.
Іс-шараға қатысушылар экономикалық өсу, индустрияландыру, инновациялар енгізу, табыс теңсіздігін төмендету, лайықты жұмыспен қамтамасыз ету, сондай-ақ «ӨРКЕНДЕУ» бағыты бойынша қалалар мен елді мекендердің орнықтылығы секілді өзекті мәселелерді талқылады.
Ұлттық экономика вице-министрі Мәдина Жүнісбекова сессияны аша келіп, Біріккен Ұлттар Ұйымының қызметі мен БҰҰ Тұрақты даму мақсаты халықаралық әріптестікті нығайтып, экономикалық және әлеуметтік өсімнің, болашақ ұрпақтың жайлы өмірінің берік негізін құратынын атап өтті.
«Қазақстанның алдына да осындай міндеттер қойылған. Мемлекет басшысы атап көрсеткендей, біздің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарымыз толықтай ТДМ-мен үндес. Күн тәртібінде халықтың әл-ауқатын арттыру, экономикалық өсу және экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі кешенді міндеттер тұр», деді Мәдина Жүнісбекова.
Вице-министрдің айтуынша, 2030 жылға дейінгі тұрақты даму саласындағы күн тәртібі – жаһандық бағдарлама,оның табысты іске асырылуы үшін барлық қоғамның, оның ішінде, үкіметтік емес сектордың да бірігуі маңызды.
Мәдина Жүнісбекова бүгінде үкіметтік емес ұйымдар Қазақстандағы азаматтық қоғамның анағұрлым дамыған институтының бірі ғана емес, сонымен бірге мемлекеттің сенімді әріптесі де болып табылатынын атап көрсетті. Өйткені олар түрлі экономикалық және әлеуметтік проблемаларды шешуге қомақты үлес қосуда.