Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Қазақтың жаманы болмас)

0

Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Қазақтың жаманы болмас) казакша Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Қазақтың жаманы болмас) на казахском языке

Қазақтың жаманы болмас,
Жаманнан аманы болмас.
Бірігіп іс қылатұғын,
Түзелер заманы болмас.

Бұл елде адалдық бар ма,
Ондайын байқадыңдар ма?
Істейді нені де болса,
Наданға арамдық ар ма?

Ар сатар шайға да болса,
Бір асам майға да болса.
Ізденіп табады, жейді
Арамды қайда да болса.

Жуаны қылады зорлық,
Момынның көргені – қорлық.
Теп-тегіс қулық пен ұрлық,
Ал енді қайтіп ел болдық?

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!