Астана жаңалықтары: Нұр-Сұлтан көшесінде адам өлтірді

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Жергілікті тұрғындар оқиғаның қалай болғанын айтып берді

НҰР-СҰЛТАН, 28 тамыз — Sputnik. Оқ атқан ер адам аңшы болған, деп хабарлады жергілікті тұрғындар.

Оқиға, жексенбі, 25 тамыз күні сағат 16:00-де болған. Алдымен Үшхоз ауданындағы көшеде ер адамдар жанжалдасып, кейін төбелескен, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы. Бір адам оқ атып, төрт адамды жарақаттаған. Бір ер адам ауруханада көз жұмды.

«Атыс 40 минут шамасында болды. Адам көп еді. Оқ атқан адам аңшы болатын… Не болғанын ешкім білмейді», — деді оқиға куәгері Мария.

Ер адамның көршілері оның жалғыз тұрғанын айтады. Қазір үй жабық, қабырғаларда оқ іздерін көруге болады.

Атыс неден басталды

Қақтығыс бір-біріне деген жеккөрушіліктен туындаған, деп хабарлады астаналық полиция департаменті. Тергеу екі бап бойынша жүргізіліп жатыр. Соның бірі – «Адам өлтіру» (15 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған).

Екі күдікті мен қылмыстың бірнеше қатысушысы анықталды.

«Кем дегенде алты адам. Қазір алдын ала тексеру жүргізіліп жатыр. Күдіктілер бір тәулік ішінде ұсталды. Біреуі уақытша ұстау абақтысына қамалды», — деді Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Софья Қылышбекова.

Зардап шеккендердің жағдайы

Үш адам жеңіл жарақат алды, дәрігерлер қараған соң, үйлеріне жіберілді.

Төртінші ер адам жансақтау бөліміне түскен, кейін көз жұмды.

Нұр-Сұлтан қаласы қоғам денсаулығын сақтау басқармасында ер адам ашық бассүйек-ми жарақатын алғанын хабарлады.



sputniknews.kz