Тоқаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрін тағайындады

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Бұған дейін бұл қызметті Бердібек Сапарбаев атқарған еді

НҰР-СҰЛТАН, 20 тамыз – Sputnik. Біржан Нұрымбетов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

«Мемлекет басшысының жарлығымен Біржан Нұрымбетов Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды», — делінген жарлықта.

Бұған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігін Бердібек Сапарбаев басқарған болатын.

Тағы оқыңыз: Бердібек Сапарбаев жаңа қызметке тағайындалды

Біржан Нұрымбетов туралы не білеміз?

Біржан Нұрымбетов 1968 жылы 19 наурызда Жамбыл облысы Луговой ауданы Абай ауылында туған.
Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің «Механика және қолданбалы математика» факультетін, сондай-ақ, Алматы экономика және статистика академиясының «Қаржы» факультетін тәмамдаған.

Служба центральных коммуникаций при президенте РК

Біржан Нұрымбетов

Еңбек өтілі

1993-1996 жылдары – Жамбыл қаласы салық инспекциясы бөлімінің басшысы, салық инспекторы;

1996 жылы – Жамбыл облысы әкімі бірінші орынбасарының кеңесшісі;

1997 жылы – Жамбыл облысы әкімі аппаратының сектор меңгерушісі;

1997-2008 жылдары – «Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы» Жамбыл облыстық филиалының директоры;

2008-2009 жылдары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы;

2009-2012 жылдары – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі;

2012-2015 жылдары – премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары;

2015-2017 жылдары – денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі;

2017 жылдың қаңтарынан 2017 жылдың қарашасына дейін – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі;

2017 жылдың қарашасынан Қазақстан кәсіподақтары федерациясы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Отбасы

Үйленген, әйелі Айжан Сәрсенбекқызы Оспанова. Балалары Сағи Нұрымбет және Санжар Бидайбек.



sputniknews.kz