Жануарлар мен өсімдіктер клеткаларының морфологиясы

0

МАЗМҰНЫ
Кіріспе … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … … … ..3

I. Жануарлар мен өсімдіктер клеткаларының морфологиясы … … … … ..4
I-
1.Цитоплазма … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … …11
I-2.Клеткалық
мембрана … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … ..12
I-3.Эндоплазмалық тор
… … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … …12
I-4.Рибосомалар
… … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … …13
I-5.Гольджи
аппараты … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … ..14
I-
6.Лизосомалар … … … … … .. … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … ..15
I-7.Митохондриялар
… … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … 17
I-8.Клетка ядросы
… … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … 18
II. Өсімдіктер клеткасының құрлымы мен атқаратын қызметі туралы жалпы
шолу … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … ..1 9
II-1. Вакуоль
жүйесі … … … … … … … . … … … … … … … … … … ..
… … … … … ..25
II-2. Хлоропласттар
… … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … .26
II-3. Сферосомалар
… … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … ..27

Қорытынды
… … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … .29
Қолданылған әдебиеттер
… … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… ..30

Кіріспе
Цитология жеке ғылым ретінде өткен ғасырдың соңы ширегінде пайда
болған. Бірақ клетка жөніндегі ілім XVII ғасырдан басталады, оның тарихы үш
ғасырды қамтиды. Организмнің клеткалық қүрылысының ашылуы микроскоптың
шығуына байланысты.
Ағылшын математигі, физигі жэне механигі Роберт Гук 1665 жылы өзі
жасаған микроскоп арқылы тығынның қүрылысын қарап, оның үлшықтардан
түратынын анықтаған. Осы ұяшықтарды клетка деп атаған. Сонымен Р.Гук «
«клетка» деген терминді қалдырған. Бүл қазіргі түсініктегі клетканың ашылуы
емес. Кейінірек, осы XVII ғасырда Грю мен Мальпиги микроскопты қолдана
отырып өсімдіктердің құрылысын зерттеген.
XVII ғасырдың ү_лы микроскопшілерінің бірі А.Левенгук, бірақ та ол өз
жаңалыктарының маңызына түсіне алмаған. А.Левенгук жануарлардың
клеткаларында — эритроциттерді, спермотозоидтарды, бірклеткалы жануар-ларды
бірінші болып көрген. Сонымен XVII ғасырда өсімдіктердің «клеткалық
қүрылысы» ашылған.
Қазіргі кездегі клеткалық теорияның негізгі қағидалары мыналар:
1. Клетка тіршіліктің ең кішкене бірлігі.
2. Түрлі организмнің клеткалары құрылысы жағынан ұқсас.
3. Клеткалар бөліну арқылы көбейеді.
4. Көп клеткалы организмдер клеткалар мен олардың туындыларының
жиынтығы.
XIX ғасырдың соңғы ширегінде цитология өз алдына жеке ғылым болып
қалыптасты. Бүған себеп болған микроскоптың жақсартылуы мен микроскопиялық
техниканың дамуы. Атап айтқанда микроскоптың штативі жақсартылып
микрометрлік винт пен кремальерамен жабдықталынды. Осымен қатар микроскотың
оптикасы жақсартылды.

І. ЖАНУАРЛАР МЕН ӨСІМДІКТЕР
КЛЕТКАЛАРЫНЫҢ МОРФОЛОГИЯСЫ
Жануарлар клеткасы плазмалық мембранамен шектелген ядро мен
цитоплазмадан тұрады. Цитоплазма негізгі заттан (гиалоплазмадан),
органоидтардан және кірінділерден түзіледі.
Кірінділер немесе параплазмалық құрылымдар дегеніміз клеткалық
метаболизмге қатыспайтын,клеткалардың көпшілігінде байқалатын алмасу
өнімдерінің жиынтығы. Бұған жататындар: майдың тамшылары, гликогеннің
түйіршіктері, белоктардың кристалдары және пигменттік кірінділер.
Органоидтар клеткалардың барлығына дерлігінде кездеседі және заттар
алмасуында маңызды функция атқарады. Бұларға эндоплазмалық тор, Гольджи
аппараты, митохондриялар, тағы басқалары жатады.
Клеткалардың көпшілігі бір ядролы, бірақ та екі немесе көп ядролы
клеткаларда болады. Көп клеткалы организмнің клеткаларының саны өте көп.
Мысалы, адам миының үлкен ми сыңарларындағы клеткалардың саны 20 млрд
шамасында, ал қандағы эритроциттердің саны 25миллиондай.
Өсімдіктер мен жануарлар организмі клеткаларының атқаратын қызметтері
әр түрлі болғандықтан, олардың пішіні әр түрлі болады. Клеткалардың пішіні
оның организмдегі орнына да байланысты.
Жануарлар клеткалары жұлдыз тәрізді (нерв клеткасы), цилиндр, куб
тәрізді(эпителий клеткалары), сопақша (эритоциттер), тармақталған
(мезенхиманың клеткалары), жұмыр (жұмыртқа клеткасы) т.т. болады
Клеткалар пішіні жағынан ғана емес, үлкендігі жағынан да ажырайды.
Мысалы, адамның жұмыртқа клеткасы (диаметрі 0,1 мм) көлемі жағынан
адамның сперматозоидынан 1 млн есе үлкен.
Адамның нерв клеткасының аксонының ұзындығы 1 м-ден артық,
эпидермистің, бүйректің, бауырдың, шектің клеткаларының үлкендігінің
диаметрі 30 мкм. Адамның ең кішкене клеткасы кіші лейкоциттер, диаметрі 3-4
мкм. Бактериялық клеткалар өте ұсақ келеді. Кейбіреулерінің үлкендігі
0,2-0,3 мкм. Белгілі клеткалардың ішіндегі ұсағы микоплазманың клеткасы
(0,10-0,25 мкм).
Құрлысының күрделігіне қарай клеткаларды екі топқа бөледі:
прокариондық (гректің про- алдымен, карион- ядро) және эукариондық (эу-
жақсы, карион-ядро) деп.
Прокариондық деген термин эволоюция процесінде эукориондық клеткаларға
дейін пайда болған деген ұғымды білдіреді.
Прокариоттарға эубактериялар, көк жасыл балдырлар, спирохеталар,
риккетсиялар және миколпазмалар жатады, қалған барлық организмдердің
клеткалары, саңырау құлақтардың, қарапайымдардың, жануарлар мен
өсімдіктердің клеткалары эукариондық клеткалар. Прокароиттардың клеткалары
ұсақ болады (0,5-3мкм). Митохондриялар, хлоропластар, Гольджи аппараты,
лизосомалар сияқты айқын байқалатын мембранамен шектелген органеллалар мен
ядролық мембрана болмайды. Прокариоттардың гендік информацияның құрамында
эукариоттар клеткасының хромосомаларында болатын негізгі белоктар-гистондар
жоқ, туйық сақина пішінді ДНК-ның тізбегінен тұратын бір хромосомда
орналасқан.
Прокариоттардың ядросында митоздық аппарат пен ядрошығыда жоқ.
Прокариондық клеткалар аминқышқылдары мен көмірсулардан тұратын клеткалық
қабырғамен қоршалған. Олардың плазмалық мембранасы мезосомалар деп аталатын
цитоплазмаға қарап ойындылар құрайды.
Прокариоттардың ядросында митоздық аппарат пен ядрошығы да жоқ.
Прокариондық клеткалар аминқышқылдары мен көмірсулардан тұратын клеткалық
қабырғамен қоршалған.
Олардың плазмалық мембранасы мезосомалар деп аталатын цитоплазмаға
қарап ойындылар құрайды. Прокариоттардың клеткаларына цитоплазмалық ағыс
пен амеба тәрізді қозғалыс тән емес, жабайы талшықтардың көмегімен
қозғалады. Прокариондық клеткалардың цитоплазмасы біртекті емес, онда
фибриллалар, ұсақ мебраналық көпіршіктер мен жалпақ қапшықтар, рибосомалар,
майдың тамшылары, полисахаридтер мен полифосфаттар жиынтықтарын байқауға
болады. Бұлардың бәрі цитоплазманың негізгі затында, матриксінде,
гиалоплазмада орналасқан.

Цитоплазманың матриксінде ерігіш белоктардың негізгі массасы, гликолиз
процестеріне қатысатын ферменттер, түрлі субстраттарды тотықтыратын
ферменттер, белоктардың синтезі барысында аминқышқылдарының активтігін
арттыратын ферменттер мен липидтер, полисахаридтер синтезіне қатысатын
көптеген ферменттер жүйелері болады.
Прокариондық клеткалардың цитоплазмасының орталық зонасы электрондық
микроскоппен қарағанда көбінесе босаң, ақшыл болып байқалады. Бұл зонада
ДНК-ның молекулалары жатады. Прокариоттардың плазмалық мембранасында немесе
оның ішкі бетіндегі өсінділерінде АТФ синтезделуіне әкеліп соғатын,
тотықтырып фосфорлауға қатысатын ферменттер жүйесі орналасқан.
Кейбір бактериялардың цитоплазмасының бетінде кейде рибосомалар
жайғасқан түтікшелі мембраналық каналшықтардың болатыны баяндалған.
Мұндай каналшылшықтар түрлі токсиндер мен ферменттерді және басқа
заттарды синтездеуге, клеткадан сыртқа шығаруға қатысады.
Бактериялардың гиалоплазмасында седиментация коэффициенті 70 S
рибосомалар өте көп болады. Прокариондық клеткалар жай ғана екіге бөліну
арқылы көбейеді.
Эукариоттардың клеткалары әдетте ірі және құрылымы жағынан
прокариоттардың клеткаларына қарағанда, анағұрлым күрделі келеді. Сонымен
бірге эукариоттарда жақсы жетілген ішкі мембраналар жүйесі- эндоплазмалық
тор мен Гольджи аппараты, мембраналармен шектелген органеллалар-ядро,
митохондриялар, хлорапласталар мен лизосомалар болады. Эукариондық
клеткаларға цитоплазманың қозғалысы мен митоздық ұршық және талшықтар
сияқты энергияны трансформациялаушы көптеген күрделі жүйелер тән.
Эукариондық клеткалардың ядросында ядрошықтар мен хромосомалар болады.
Хромосомалары ДНК мен гистондардан тұрады. Бактериялардың талшықтары ішкі
құрылымы жоқ тұтас жіптен тұратын болса, эукариоттарда кірпікшелері мен
талшықтар (9+2) типі бойынша орналасқан микротүтікшелердің жүйесі мен
тубулин белогінен тұрады.
Микротүтікшелер прокариоттардың ешбір түрінде кездеспейді.
Эукариондық клеткалар микротүтікшелерден тұратын ұршық құрап, митоз
тәсілімен бөлінеді. Эукариоттардың бәрі аэробтар. Эукариондық клеткалардың
плазмалық липопротеиндік мембранасы өздерінің қасиеті мен қызметі жағынан
прокариоттардың плазмалық мембранасынан айырмасы аз. Заттарды белсенді
түрде таңдап тасымалдауға қатысады, бірақ та оның құрамында прокариоттарда
болатын тотықтырып фосфорлау жүйесі болмайды. Эукариоттардың плазмалық
мембранасы сыртқы жағынан прокариоттардікіндей, әсіресе, өсімдіктерде айқын
байқалатын, клеткалық қабырғаның элементтерімен қапталған.
Жануарлар клеткасында клеткалық қабырғаның аналогі мембрананың
құрылыстық белоктарының сыртқы бетінде орналасқан гликопротеиндік және
полисахаридтік молекулалардың қабаты түрінде болуы мүмкін.
Оның атқаратын функциясы иондарды байланыстыру, клетканың шекаралық
микроқоршамын құрау және ерекше антигендер мен рецепторлардың ролін атқару.
Клеткалық қабырға әсіресе өсімдіктер клеткаларында жақсы
жетілген.Саңырауқұлақтарда клеткалық қабықша хитин мен полисахаридтен
тұрады, ал балдырларда, оомицеттерде және жоғарғы сатыдағы өсімдіктерде
клеткалық қабырғаның негізгі компоненті полисахарид, целлюлоза. Клеткалық
қабықшаның гликопротеидтері мен полисахаридтері клетканың ішіндегі Гольджи
аппаратының қатысында синтезделеді де, бірнеше қабаттан тұратын күрделі
клеткалық құрылым күйінде клеткадан экзоцитоз арқылы сыртқа шығарылады.
Жануарлар мен өсімдіктер клеткаларының үш негізгі құрылыстық
айырмашылықтары бар: 1)жануарлар клеткаларында болатын центриоль жоғары
сатыдағы өсімдіктер клеткаларында болмайды;
2)өсімдіктер клеткаларының жануарлар клеткаларынан өзгешелігі
цитоплазмасында пластидтер болады; 3)өсімдіктер клеткаларына целлюлозадан
тұратын қатты клеткалық қабырға тән.
Эволюцияның ерекше бұтағы қарапайымдар. Жоғары сатыдағы жануарлардың
клеткасы қандай да болмасын бір ғана белгілі функцияны атқаратын болса,
қарапайымдардың клеткасы барлық тіршілік функцияларын өзі атқарады.
Бұлардың дамуы басқа жолмен жүрген: клеткалардың көп типінен тұратын
көпклеткалы организмдердің орнына жоғары сатыдағы организмнің кейбір
функцияларын қайталайтын көптеген күрделі органеллары бар клеткалар пайда
болған. Мысалы, парамецияда эукариоттарға тән әдеттегі органеллалардан
басқа кірпікшелердің қимылын реттейтін цитоплазмалық талшықтардың торы,
коректі жұтуға арналған арнаулы орган, коректі қорытатын органеллалар
(асқорту вакуольдары); сұйықты шығаратын жиырылғыш вакуольдар, белоктың
синтезіне қажет информацияны жеткізуші сомалық ДНК (макронуклеус) мен
гендік ДНК бар.
Сыртқы ортадан алынатын энергияның түріне байланысты тірі клеткаларды
үлкен екі типке бөлуге болады. Бірінші типтің клеткаларын гетеротрофты
клеткалар деп атайды. Бұған жататындар: адам организімінің барлық
клеткалары мен жоғары сатыдағы жануарлардың клеткалары. Бұл клеткаларға
хмимялық құрамы күрделі дайын органикалық молекулалардың үнемі келіп тұруы
қажет. Атап айтқанда, көмірсулар, белоктар мен майлар.
Гетеротрофты клеткалар энергияны осы күрделі заттарды тотықтыру арқылы
алады. Гетеротрофты клеткалар бөлінген осы энергияны өзінің биологиялық
функцияларының қажетіне жұмсайды.
Автотрофты немесе фотосинтездеуші клеткалар клеткалардың екінші типін
құрайды. Бұған жататындар: жасыл өсімдіктердің клеткалары. Фотосинтез
процесі кезінде олар күн сәулесінің энергиясын хлорофилл пигментінің
көмегімен химиялық энергияға айналдырады және атмосфералық көміртегінің қос
тотығынан көміртегін бөліп алып, жабайы органикалық молекуланы (глюкозаның
молекуласын) түзеді. Жасыл өсімдіктер мен басқа организмдердің клеткалары
өзінің құрамына кіретін күрделі молекулаларды да құрайды. Сонымен барлық
тірі организмдер энергияны күн сәулесінен алады; өсімдік клеткалары
энергияны тікелей күннен алатын болса, ал жануарлар оны жанама жолмен
алады.
Вирустарды құрылысы жағынан клетка деп есептеуге болмайды. Оларда
әдеттегі клеткаларда болатын цитоплазма да, органеллалар да жоқ. Вирустарды
орыс ботанигі Д.И.Ивановский 1952 жылы ашқан. 1898 жылы голландиялық
Бейеринк вирус деген сөзді ойлап шығарған (латынның у деген сөзі).
Вирустар пішіні, үлкендігі және күрделілігі жағынан алуан түрлі. Вирустың
әрбір түріне иесіне меншіліктілік тән. Кейбір вирустар, мысалы,
бактериофагтар бактерияларды инфекциялайды, екіншілері өсімдіктердің
белгілі түрлеріне қанағаттанады (темекі мазайкасының вирусы-ВТМ).
Үшіншілері, жануарлар клеткаларын зақымдайды. Қызылша, полимелит сияқты
адамның ауруларын жануарлар вирустары туғызады; жануарлар вирустарының
кейбіреулері сау клеткаларды зиянды ісік ауруының клеткаларына айналдырады.
Вирус белоктік қабықшамен қапталған ДНК-ның (немесе РНК-ның) молекуласынан
тұрады. Вирустардың ерекшелігі өз бетінше тіршілік ете алмайды. Вирус көбею
үшін қандай да болмасын бір клетканы инфекциялауы керек.
1.1 Цитоплазма
Цитоплазма клетканың метаболизмдік жұмысшы аппараты. Мұнда негізгі
метаболизмдік процестер жүреді.
Эукароиндық клеткалардың цитоплазмасы гиалоплазмадан (шыны),
органоидтардан және кірінділерден тұрады. Клеткада белгілі функцияларды
атқаратын цитоплазманың ерекше жіктелген бөлігін органоидтар (органелла)
деп атайды. Аудармасы кішкене орган.
Органеллаларды мембраналы және мембранасыз, жалпы маңызы бар және
арнаулы органеллелар деп ажыратады. Мембраналы органеллеларға эндоплазмалық
тор, Голдьжи комплексі, митохондриялар, лизосомалар, пероксомалар, ал
мембранасыз органеллаларға рибосомалар, центриольдар, микротүтікшелер,
микрофибриллалар, микрофиламенттер, кірпікшелер мен талшықтар жатады.
Гиалоплазма
Гиалоплазма (грекше өмөлдір), негізгі плазма немесе цитоплазманың
матриксі, клетканың маңызды бөлігі, оның шын мағнасыындағы ішкі ортасы.
Электрондық микроскопта цитоплазманың матриксі гомогенді немесе электондық
тығыздығы төмен ұсақ дәнді зат болып байқалады.
Гиалоплазманың құрамында түрлі глобулалық белоктар мен цитоплазмалық
матрикстің ферменттекрі болады. Бұлар эукариондық клеткадағы белоктардың
жалпы санын 20-25 процентін құрайды. Матрикстің маңызды ферменттеріне
гликолиздің ферменттері, қанттардың,азоттық негіздердің, аминқышқылдарының,
липидтердің және маңызды қосылыстардың метаболизмінің ферменттері жатады.
Матриксте РНК менбелок синтезделуі кезінде аминқышқылдарының белсенділігін
арыттыратын ферменттер орналасқан. Гиалоплазма барлық клеткалық
құрылымдарды біріктіріп тұрады және олардың бір-бірімен химиялық
әректтесуін қамтамасз етеді. Аминқышқылдарының,майқышқылдарының,
нуклеидтердің, қанттардың клетка ішіндегі тасмалдауын да іске асырады.
1.2 Клеткалық мембраналар
1955 жылдан бастап клетканы қоршаушы мембраналардан басқа эукариондық
клеткалардың бәрінде клетканың ішінде орналасқан субмикроскопиялық күрделі
жүйе болатыны анықталды. Цитомембраналар клеткалық құрлымның негізгі
компоненттерінің бірі. Цитомембраналар жек е элементтерден тұратын, бір-
бірімен өзара әректтесіп біртұтас күрделі жүйе құрайтын, клетканың
тіршілігінде маңызды роль атқарады.
Құрылысы мен құрамы жағынан мембраналардың бәрінің көптеген жалпы
қасиеттері болады: олардың орташа қалыңдығы 7нм-ге тең, белоктар мен
липидтерден тұрады және олар өткізгіштіктің тосқауылы, мембраналардың
үзінділерінің ұштары ұштасып көпіршіктер құрайды. Көптеген жалпы
қасиеттерімен бірге мембраналардың белгілі айырмашылықтары да бар. Липидтер
мен белоктар қосылыстардың әртүрлі сапалы топтары. Клеткалық мембраналарда
мыңдаған түрлі бар. Мембрананы құрауда негізгі рөл атқаратын глобулалық
құрылысты интегралдық және жартылай интегралдық белоктар. Бауыр
клеткаларының мембраналарының 85 проценті белоктардан тұрады, фосфолипидтер
мен холестерин 10 процент құрайды.
1.3 Эндоплазмалық тор
1945ж. Портер,Клод және Фуллам фибробластлердің өте жұқа кесіндісін
электрондық микроскоппен қарап ерекше торды байқаған. 1953ж. Портер оны
эндоплазмалықтор деп атаған.
Бұлшық ет клеткаларындағы эндоплазмалық торды саркоплазмалық тор деп
атайды.
Эндоплазмалық тор көпіршіктердің, микроканалшықтардың және қапшықтардың
(цистерналардың) жүйесі. Сурет
Эндоплазмалық тордың екі түрін ажыратады: 1)бұдыр немесе гранулалық,
2)тегіс немесе агрогранулалық.
Гранулалық эндоплазмалық тордың мембранасы болады. Эндоплазмалық
тордың бұл түрі бездік және эмбриондық клеткаларда, белокты жедел
синтездейтін жануарлар мен өсімдіктер клеткасында көп мөлшерде байқалады.
Бұл мембраналардың бәрі цитоплазманы жеке бөліктерге бөліп тарайды. Бір
клетканың өзінде де эндоплазмалық тордың екі түрі де болуы мүмкін.
Эндоплазмалық тордың элементтері центросфера зонасынан басқа клетканың
барлық аймағында кездеседі.Эндоплазмалық тордың қабырғасы плазмалық және
басқа клеткалық мембраналар сияқты липопротеиндік мембранадан тұрады. Бірақ
та эндоплазмалық тордың мембранасы жұқа, тегіс және өткізгіштігі түрліше
болады, биқабаттағы фосфолипидтің құрлысы өзгеше, ал олармен байланысты
холестерин жоқтың қасында, сол сияқты белоктарда өзгеше. Гранулалық
эндоплазмалық тор белокты синтездеуге қатысады, ал тегіс эндоплазмалық
торда да синтез процесі жүреді, бірақ олар белок емес липидтер мен кейбір
полисахаридтер. Сонымен бірге оларклетка ішіндегі астың қортылуына қажет
белоктар ферменттерді синтездейді.
Эндоплазмалық тордың қуыстарында жиналған белоктар Голдьжи аппаратының
вакуольдарына жеткізіледі, онан олар басқа вакуольдарға ауысады немесе
клеткадан шығарылады.
Эндоплазмалық тордың туындылары сферосомалар (микросомалар),
лизосомалар, өсімдіктердің вакуольдары немесе тонопласт, пероксисомалар
немесе микроденешіктер және ядроның мембраналары.

1.4 Рибосомалар
1943жылы америкалық ғалым А.Клод центрифугадан шыққан заттарды қарап
отырып, нуклеин қышқылдарына бай бөлшектерді тауып, оларды микросомалар
деп атады. Кейін құрамында РНҚ-ның көп мөлшерде болуына байланысты
бөлшектерді рибосомалар деп атаған.
Рибосомалар ядродан алынатын генетикалық ақпаратты жүзеге асыруда
үлкен рөл атқарады. Олар диаметрі 15-35нм сфера тәрізді бөлшектер. Олардың
мөлшері әр түрлі екі бөліктен тұрады. Бұл бөліктердің құрамында тең
мөлшерде нәруыз бен РНҚ болады. Рибосомалар цитоплазмада эндоплазмалық тор
мембраналарының сыртқы бетінде жабысып орналасады.Синтезделетін нәруыз
түріне қарай рибосомалар полирибосома деп аталатын кешендерге бірігеді.
Мұндай кешенде рибосомалар өзара ұзын тізбекті ақпараттық РНҚ молекуласы
арқылы байланысады. Рибосомалар жасушаның барлық түрінде болады.РНҚ мен
нәруыздан тұратын информасома деп аталатын рибосомалар кешені болады.
Цитоплазмада өтетін маңызды процестер-анаэробты тыныс алу, гликолиз
және нәруыз синтезі рибосомаларда жүреді, цитоплазмада жасушаның тіршілік
әрекетін реттеу процестері жүзеге асады. Цитоплазма арқылы жасуша тіршілігі
үшін қажетті заттар тасымалданады.

1.5 Гольджи аппараты
Өткен ғасырдың соңында италиялық ғалым К.Гольджи (1882-1885) жүйке
жасушаларынан тапқан ол AgNO3 және OsO4-пен боялатын торлы жиынтыққа
бірінші болып сипаттама берген. Содан кейін басқа жасушалардан да табылған
жиынтықты диктиосома (грекше диктиес-тор) немесе Гольджи (жиынтығы)
аппараты деп атаған. Гольджи аппараты дөңгеленіп иілген қос мембранамен
шектеліп, топтаса орналасқан қуыстардан, қуыстарымен байланыса орналасқан
ірі түтікшелерден тұрады. Қуыстардың ұштарынан ауалы көпіршіктерді байқауға
болады.
Кейбір жасушалардабұл жиынтық тор түрінде кездеседі де, олардың
қуыстары бір-бірімен байланысып жатады. Кейде жеке түйір денешік немесе
орақ тәрізді болып келеді. Мұндай формалары диктиосома (лизосома) деп
аталады. Жасушаның қызметіне қарай бұл жиынтық үнемі өзгеріп отырады,
әсіресе секрет бөлетін жасушаларда жақсы жетіледі.
Гольджи (жиынтығы) аппаратында полисахаридтердің нәруыз молекулаларына
қосылу процесі жүзеге асады да, соның нәтижесінде, нәруыз гидрофильді
қасиетке ие болып, әр түрлі секреттердің (түзінділердің) негізі бола алады.
Сілекей, тер және басқа да тәрізді жасушалар Гольджи жиынтығының қызметі
нәтижесінде түзіледі. Мысал, құрбақаның терісіндегі көптеген безді
жасушалар Гольджи жиынтығына бай. Олар үздіксіз ылгалды кілегейлі зат бөле
отырып, теріні құрғап кетуден сақтайды. Осы клегейлі заттың арқасында
құрбақа қосмекенді жануар болса да шөл және жартылай шөлейт жер
жағдайларында тіршілік ете алады.Гольджи жиынтығының тығыздалған куыстар
пакеті немесе ұсақ көпіршіктер түзетін негізгі құрылымдық элементі тегіс
мембрана арқылы жүреді.
Бұл жиынтық нәруыз секреттерін (түзінділерін) жасап шығаратын
жасушаларда және нейрондар мен овоциттерде жақсы дамыған.
Гольджи жиынтығының қызметі эндоплазмалық тормен тікелей байланысты,
оның куыстары эндоплазмалық тордың өзектерімен қосылған. Эндоплазмалық
тордың мембранасында синтезделген нәруыздар, полисахаридтер, майлар Гольджи
жиынтығына тасымалданып, оның ішкі құрлымында жинақталып, бөлініп шығуға
дайын секрет(түзінді)түрінде сақталады немесе жасушаның тіршілік процесіне
жұмсалады.
Сонымен Гольджи жиынтығының басты қызметі-секрет (түзінді) түзу және
бөліп шығару. Сондай-ақ тағы да бір қызметі-онда лизосома қалыптасады.
1.6 Лизосомалар.
Жасушаларда лизосомаларды 1956-1959 жылдары француз ғалымы Де Дюв
бастаған ғалымдар тобы ашқан. Лизосомалар –диаметрі 0,5мкм шамасында
болатын жасушаішілік көпіршіктер. Лизосомалар морфологиялық жағынан бір
текті емес және жасушаның басқа мембраналарымен қосылуы нәтижесінде үнемі
әр түрлі өзгерістерге ұшырайды. Лизосоманың негізгі қызметі –лизосомалық
ферменттерді жекелендіріп жинақтау және сақтау, төменгімолекулалық
қосылыстарды, сонымен қатар макромолекулалардыдың ыдырау өнімдерін
тасымалдау.
Лизосомада орналасқан ферметтер түйіршікті (тегіс)эндоплазмалық торда
синтезделіп, Гольджи жиынтығына тасымалданады. Кейін одан өзгеріске
ұшыраған ферменттері бар Гольджи жиынтығының көпіршіктері бөлектеніп
шығады. Мұндай көпіршіктер бірінші реттік лизосомалар деп аталады. Олар,
негізінен, жасушаішілік қорту және кейде ас қорту ферменттерінің
секрециясымен байланысты қызмет атқарады.
Бірінші реттік лизосома пиноцитоз және фагоцитоз процестері арқылы
келген заттарды қосып алып, көлемін ұлғайтады, оны екінші реттік
лизосомалар дейміз (ас қорыту вакуольдері). Олар бірінші реттік лизосомадан
құрамында шығу тегі лизосомадан бөлек субстаттар болуымен ерекшеленеді.
Сонымен қатар екінші реттік лизосомалар қосылу қабілетіне ие, мысалы,
(көпіршіктер мен везуклалар) митохондриялар, эндоплазмалық тор немесе
ядромен.
Лизосомамен қосылуға қабілетті көпіршіктер екі негізгі процестің
нәтижесінде түзіледі: эндоцитоз (жасушадан тыс құрауыштардың ыдырауымен
байланысты). Эндоцитоз –жасушадан тыс құрауыштардың плазмалық мембранадан
түзілген қосындылар көпіршіктерімен бірге қосылып жасуша ішіне ену процесі.

Эндоцитоз екі негізгі категорияға: фагоцитозға және пиноцитозға
жіктеледі.
Вакуоль жүйесі.
Вакуоль және оның мембранасы –тонопласты неміс ғалымдары Х.Де Фриз
және В.Пфеффер 1885-1886ж. Ашқан. өсімдік жасушасының өсу және даму
процестері кезінде цитоплазмада жасуша шырынына толтырылған куыстар
–вакуольдер түзіледі.вакуоль куысын толтырып тұрған жасуша шырыны
–жасушадағы зат алмасудың сұйық өнімдері болып табылады. Ол, негізінен,
судан және еріген көмірсулар, … жалғасы