"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Семейде әйел жүк пойызының астына түсіп көз жұмды (видео)

Семейде әйел жүк пойызының астына түсіп көз жұмды (видео)

Семейде 14 сәуір күні сағат 16:30 шамасында "Жансая" базары маңындағы Дулатов көшесінің бойындағы теміржол өткелінде әйелді жүк пойызы басып кетті. Ол вагон арасымен жүгіріп өтпек болған. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жантүршігерлік сәт автокөлік бейнетіркегішіне түсіп қалған. Сағат 16:22-де әйел тоқтап тұрған жүк пойызының вагондарының арасымен өтіп кетпек болған. Алайда бірнеше секундта пойыз орнынан қозғалып, әйелді басып кеткен.

Куәгерлер бірден көмекке жүгіріп, әйелді рельс астынан шығарып алған. Алайда ауыр жарақат салдарынан оқиға орнында көз жұмды. 

Көлік полициясы департаменті "Семей" станциясындағы желілік полиция бөлімі аталған факті бойынша адам өліміне әкеп соққан теміржол көлігін пайдалану немесе қозғалыс қауіпсіздігі ережелерін бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, қазір бұл іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.  

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.