ка

«Әкесі осы қызым үшін ауру боп тындым деді»: Әнару Құрманалиеваның адвокаты оны қорғаудан бас тартты

14.04.2025 14:09
0
1135
Фото: azattyq-ruhy.kz
Танымал боксшы Жанқош Тұраровқа зорлады деп арыз түсірген Әнару Құрманалиеваның адвокаты Ләззат Ахатова күтпеген мәлімдеме жасады.

Адвокаттың айтуынша, жәбірленуші тараптың әрекеттері оны шындықты ашық айтуға итермелеген.

"Ең маңыздысы — бұл жағдайда зорлықтың болғаны анық! Тұраровты қолдайтындар құқық қорғау органдарында отырғандықтан, оның біраз жылдан бері есірткіге тәуелді екенін жақындары мен ортасы жақсы біледі. Бірақ, өкінішке қарай, біздің елде мұндай қылмыстар жиі жабулы күйде қалады. ‘Дикий Арманның’ тобында болған спортшыны қорғайтындар қылмыстың ашылмауына мүдделі екенін көзімізбен көрдік", — деді Ахатова.

Сонымен қатар, адвокат қорғауындағы азаматша Әнару туралы да бірқатар мәліметтермен бөлісті.

"Жәбірленуші жайлы айтсам… Өкінішке қарай, ол адам жасаған жақсылықты бағаламайтын, өзіне ыңғайлы кезде ғана жылы сөйлейтін, қателігін мойындамай, басқаларды кінәлауға бейім, манипуляцияға жақын эгоист болып шықты. Қазіргі жастардың осындай мінезі бар екен. Мен тек адвокат қана емес, психолог, тіпті ‘няня’ рөлін де атқаруға мәжбүр болдым. Бұл менің міндетім болмаса да, мамандығымның абыройы үшін барымды салдым. Істі қайта қозғап, тергеуге барлық талаптарымызды орындаттық. Алайда, Әнарудың әкесі шаршап, келісімшартты бұзып, істі тоқтатқысы келді. Ал егер клиент істен бас тартса, біз жалғастыра алмаймыз. Құжаттарын толық әзірлеп, жеңіске жеткізетін барлық дәлелді қолына бердім. Енді қалғаны өздеріне байланысты", — деп түйіндеді құқық қорғаушы.

Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий