Шикізат шырмауынан шығуға жанталас: агроөнеркәсіп кешенінің дамуына не кедергі?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

«Жақында өмірге бір бөпе келеді»: Айгүл Иманбаева қуанышты хабарын жеткізді

«Жақында өмірге бір бөпе келеді»: Айгүл Иманбаева қуанышты хабарын жеткізді
Жеке мұрағаттан

Әнші Instagram желісіндегі stories-те оқырмандарынан келген бірнеше сұраққа жауап берді. Желі қолданушыларының бірі Айгүл Иманбаевадан күйеуімен жас айырмашылығы қанша екенін сұрады.

"Менің күйеуім менен әлдеқайда жас. Тіпті жап-жас. Менің туған күнім наурызда, оның туған күні қыркүйекте, яғни алты айға жас", - деп әзілмен жауап берді өнер иесі оқырманына.

Сондай-ақ тағы бір желі қолданушысы әншіге жүктілік туралы сұрақ қойды.

"Жақында өмірге бір бөпе келеді, айтамын. Уақыт аз қалды, өте-өте жуық арада", - деп жауап берді әнші ештеңені нақтыламай. Желі қолданушыларының бірі әншінің ұлы туралы да сұрады. Айгүл Иманбаева ұлы үйленіп, келіні мен немересі бар екенін айтты. 

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.