Ядролық магниттік резонанс слайд,презентация — Аралас

0

Ядролық магниттік резонанс слайд,презентация

 

   Ядролық магниттік резонанс – қатты, сұйық жіне газ тәріздес  денелерде радиожиілік дипазонындағы электромагниттік энергияның резонанстық жұтылуын айтады. Мұндай резонанстық жұтылу құбылысы сыртқы магнит өрісіне  орналасқан зат ядролардың магнетизіміне байланысты пайда болады. Бұл құбылыстың резонанстық сипаты қозғалыс мөлшерінің моменті мен магниттік моменті бар ядролардың қасиетіне сәйкес анықталады. Мұндай ядроның сыртқы магнит өрісімен (H0) әсерлесуі меншікті, яғни пресцессия жиілігін (ω0) анықтайды: ω0 ═ γH0 мұндай γ гиромагниттік қатынас, яғни ядроның магниттік моментінің оның қозғалыс мөлшері моментіне қатынасы. 

     Тәжірибеден  негізіне осы меншікті  жиіліктің  мәні анықталады. Көптеген ядролар үшін бұл жиілік 1-10 МГц аралығында жатады. Сыртқы магнит өрісі болмаған кезде ядролардың магниттелушілігі  әлсіз (электрондық парамагнетизімнен 106-108 есе кем) болады. Резонанстық жиіліктегі радиожиіліктік  өріс ядролардың  айналу бағытын өзгертеді, яғни ядролық магниттелушіліктің прецесс қозғалысын тудырады. Бұл қозғалыс зерттелмекші затты қоршаған индуктивтілік  орамада пайда болатын индукциялық ЭІК арқылы анықталады. ЯМР ядролардың магниттік моментін өлшеуге, заттың магниттік құрылымын зерттеуге, химиялық анализде тағы басқа кеңінен пайдаланылады.
ЯМР құбылысын алғаш рет 1946 жылы американдық физиктер Ф.Блох пен Е Персел байқаған. 
ЯМР спектрлері деп – сіңіру интенсивтілігінің магнит өрісінің кернеулілігіне немесе жиіліген тәуелділігін атайды. Яғни ЯМР тұрақты магнит өрісінде тұрған заттардың электромагнит толқындарын резонансты түрде сіңіруге негізделген. Бұндағы сіңіру ядролық магнетизм арқылы жүреді. 
Ядролық магнетизм атом ядроларының құрамына кіретін протон мен нейтронның спиндерімен сипатталатын результирленген спин арқылы және ядроға оң зарядты тарату немесе орналастыру қасиеттері арқылы анықталады. Егер ядроның протон мен нейтрондарының спині жұптасқан болса, онда результирленген спин болмайды және ядролық спиннің квант саны нөлге тең болады. 

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!