Курстық жұмыс: Экономика | ҚР да антиинфляциның түсінігі мен мәні
Мазмұны
Кіріспе……………………………………………………………………………………….5-7
І. Инфляцияның түсінігі мен мәні……………………………………………8-9
1.1. Инфляцияның инфляцияның түрлері мен формалары….9-11
1.2. Инфляцияның даму факторлары мен оның салдары….11-12
ІІ. ҚР-да антиинфляциның түсініг мен мәні ………………………..13-24
2.1.Инфляцияны реттелу іс-шаралары……………………………..13-24
2.2.ҚР-да антиинфляция іс-шараларының жүргізілуі……….25-30
Қорытынды……………………………………………………………………………31-32
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі………………………………………………33
І. Инфляцияның түсінігі мен мәні
Инфляция — латыншадан «inflation» аударғанда «кампию» дегенді білдіреді. Инфляция түсінігі 1861-1865 жж. азаматтық соғыс кезінде пайда болған. Алайда, инфляция құбылысының өзі айналымға ақша енгізумен байланысты ежелгі Рим мен ежелгі Қытайда болып тұрған. Жоғарыда айтқанымыздай, алтын мен күміс ақша айналымында инфляция болмайды, өйткені олар артық болған жағдайда қазынаға салынып, ал қажеттілік туған кезде қазынадан айналымға келіп түседі. Осылайша, ақша айналымы өзін-өзі реттей алады. Нақты қағаз ақша айналымында, яғни толымсыз ақша көрсеткіштері, нақты ақша өкілдері айналымында міндетті түрде инфляция болады. Инфляция мәселесі барлық елдерде болады және ол экономика мен қоғамға шындап қауіп-қатер төндіреді. Сонымен, инфляция – тек қана қағаз ақшаның айналымына тән, айналым шенберін тауар айналымы қажеттілігімен салыстырғанда кағаз ақша жиынымен толтыруды, олардың бағасының төмендеуі және тауарлар мен қызметтер бағаларының көтерілуін, ақшаның сатып алатын қабілетінің түсуіне мән беретін әлеуметтік-экономикалық феномен. Онда экономикалық әлеуметтік, саяси мәселелер ұштасады. Инфляция — табиғи апаттар және қоғам сілкіністерінің жиі серігі, саяси және әлеуметтік жанжалдар нәтижесі екенін тәжірибеде көрсетеді.
Осы заманғы инфляция жүйелі сипатымен көрінетін ерекшеліктерге ие және бұл құбылыс тек бағаның өсу нәтижесінде туындайтын ақшаның арзандау көрінісі ғана емес, сонымен коса ол бүкіл ел экономикасының мүшкіл халіне байланысты болып келеді. Инфляцияның негізгі себебі — халық шаруашылығының әр түрлі салаларындағы: қор жинау мен тұтынудың, сұраныс пен ұсыныстың мемлекеттік табыстар мен шығындардың, несиенің, капитал көлемі мен мөлшерінің, айналымдағы ақша массасының мөлшері мен шаруашылықтағы ақша сұранысының тепе-тендігі бүзылганы болып табылады. Ақша айналымы арналарынын толып кетуі артық ақша эмиссиясынан, тауарлық масса мен жасалған қызметтердің, ақша белгілерінің айналым жылдамдығы азайған кезде болуы мүмкін.
Осы заманға инфляция өндіріс процесінің өзінде туады, бірақ оның нақты көрінісі ақша саласында анықталады. Сондықтан, инфляцияны артық ақша белгілердің эмиссиясымен жиі байланыстырады. Бұл салыстырмалы түсінік. Егер ақша эмиссиясы тауарлар өндірісі мен қызметтердің өсуіне сәйкес болып, олардың қарқындары үйлессе, бұл инфляция құбылысы емес, айналым арналарының толып кетуі болмайды. Алайда, экономика толық жұмыс істеу үшін және айналым арналарының аса толу кезінің қашан және айналым саласының қай шегіне дейін ақшамен толтыруға болатынын анықтау өте қиын. Осындай инфляцияны зерттеу жеткіліксіз болғанымен инфляцияға қарсы дұрыс шаралар жетілдіру оңайға түспейді.
Инфляцияның табиғатын түсіну мен инфляцияға қарсы шараларды мемлекеттік әрекеттердің теориялық негізі ретінде қазіргі заманда ақшаның сандық теориясында, оның монетаристік немесе кейнсиандық талдауында болады. Осы теория инфляцияның себебін нарықтардың тұрақты тепе-теңсіздігінен туындап және ақша қажеттілігі оның ұсынысынан үнемі жоғары болғанымен көрінеді деп ұйғарады. М.Фридмен ақшанын нарық тепе-теңдігінің осындай формуласын: Мор. = Уор. + Рор. ұсынды, мұнда, Мор. — өсудің орташа жылдық карқыны; Уор. — тауарларды өндірудің орташа жылдық қарқыны; Рор. — бағалар өсуінің орташа жылдық қарқыны.
Осы теңдікте ақша тұрақтылығы бірқалыпты болады. Құнды ақшалар айналымында ақша тұрақтылығы, олардың құндылығы ұдайы болғанымен, құнсыз ақшалар айналымында — ақшаның сатып алу қабілеттілігінің тұрақтылығымен (сатып алу күшімен) түсіндіріледі. Ақшаның сатып алатын қабілеті (күші) бір атты ақша бірлігіне сатып алынатын мүмкіншілігі бар, тауарлар мен қызметтердін анықталған салмағымен көрсетіледі. Ол тауарлар мен қызметтердің сатып алу-сату кезінде қалыптасып, баға деңгейімен анықталады, яғни ол көтерілгенде ақшаның сатып алу күші төмендейді, ал төмендегенде — көтеріледі. Сонымен, сыртқы инфляция баға индексімен өлшенетін, тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуімен көрінеді. Бірақ үнемі көріне бермейтін инфляцияның белгілері бағаның өсуінде көрінеді. Жеке тауарлардың сапасы көтерілгенде, технология өзгергенде (уақытша өсу), мода кезінде және т.б. баға өсуі мүмкін. Сондай-ақ, егер бағаның өсуі төлемақы, зейнетақы мен жәрдемақының алдын ала өсуімен қоса болса, оны инфляция деп есептеуге болмайды.
Бірнеше индекс бағалары болады. Тұтыну бағаларының индексі — бұл өмір бағасының индексі. Ол тұтынылатын тауарлар мен қызметтердің «қоржын» бағасын өлшейді. Қоржынға енгізілетін тауарлар мен қызметтердің басты түрлері — тамақ, киім, баспана үшін төлем, жанармай, көлік, медициналық қызмет. Аталған игіліктердің әрқайсысы экономикалық маңыздылығына сәйкес өлшенеді.
Басқа да баға индекстері: өндіріске арналған тауарлардың баға индексі, барлық ұлттық өнімнің дефляторы ерекшеленеді. Соңғысы ұлттық ЖҰӨ нақтыға бөлініп, нақты ЖҰӨ-нің төмендегенін көрсетеді.
1.1. Инфляцияның инфляцияның түрлері мен формалары
Инфляция көрінісінің келесі түрлері мен формалары бөліп көрсетілді:
1. Бағаны өсу қарқынына қарай:
— баяу (бәсең) инфляция — бағалар өсуінің орташа жылдық қарқыны 10 пайыздан төмен болғанда, бағалардың біртіндеп ұзақ өсуімен сипатталатын инфляция. Осындайда ақшанып құны тәжірибе жүзінде сақталады. Номиналды бағалармен өзара шарттарға қол қою тәуекелі болмайды. Сондықтан оны экономиканың жөнді даму элементі ретінде қарастыруға болады. Қазақстанда қазіргі уақытта жыл сайынғы инфляция 5-8 пайыздың шенберінде ғана.
— орташа инфляция — баға өсуінің орташа жылдық қарқыны 10-50 пайызды кұрағанда, баға өсуінің секірмелі түріндегі инфляция; оның кезінде өзара шарттар бағаның өсуіне «байланады», ақша тез материалданады. Инфляцияның осындай түрі қауіпті саналып, бұған қарсы шаралар қолдануды талап етеді.
— қарқынды инфляция (гиперинфляция) — бағалар өсуінің өте жоғары қарқынды инфляциясы, бағалардың өсуі жылына 100 пайыздан асады. Ол шаруашылық механизмді ақсатады, экономикалық байланыстар үзіліп, бартерлік айырбасқа өтеді. Мұндай жағдайда бизнесті жүргізу мүмкін емес. Қазақстанда 1994-1996 жж. инфляция деңгейі 2000 пайызға дейін жеткен.
2. Пайда болу сипатына қарай:
— әкімшілік инфляция — «әкімшілікке» бағынатын бағалардан туындаған бағаның өсуімен пайда болатын инфляция;
— шығын инфляциясы — ресурстар мен өндіріс факторларына бағаның өсуімен көрінетін инфляция, сонын әсерінен өндірістік шығындар және тауарлардын бағалары өседі. Ресурстарға бағанын өсу себептері — ресурстарға әлем бағаларының өзгеруі мен ұлттық валюта курсының төмендеуі, жұмыстың өнімділік деңгейі төмендеп, өндірістің құлдырауы энергетикалық дағдарыс және т.б.;
— сұраным инфляциясы — ұсынысқа қарағанда сұраныстың көп болуымен, яғни тауарлар мен қызметтердің өсуіне қарағанда халық пен мекемелердің жиынтық табыстарының тез артуынан туындайтын инфляция;
— ұсыным инфляциясы — өндірістік ресурстарды толық пайдаланбаған жағдайда өндіріс шығындарының өсуімен байланысты бағалардың өсуінен туындайтын инфляция;
— импортталған инфляция — сыртқы факторлар әрекетінен туындаған инфляция;
— несиелік инфляция — шамадан тыс несиелік экспансиядан туындаған инфляция.
3. Инфляция формаларының көрінісі бойынша:
— ашық, яғни тауарлар мен өндіріс ресурстар бағаларының еркін өсу есебінен болатын инфляция;
— жасырын — мемлекеттің бағаларды бұрынғы деңгейде ұстау ұмтылысымен қоса жүретін тауар тапшылығынан туындаған инфляция. Осындай жағдайда тауарлар көлең-келі, ұйымдастырылмаған, бағалары сөзсіз өсетін нарықтарға кетеді.
1.2. Инфляцияның даму факторлары мен оның салдары
Инфляцияның даму факторлары әр түрлі, олар ішкі және сыртқы, ақшалай және ақшалай емес сипатта болуы мүмкін. Ақшалай факторлармен туындаған инфляция сұраныс инфляциясын, ал ақшалай емес — шығын инфляциясын білдіреді.
Бұл екеуі де ішкі факторларға жатады. Ақшалай факторларға мемлекеттік бюджеттің тапшылығы, ақша белгілерінің эмиссиясы, мемлекеттік қарыздың өсуі, несие экспансиясы, ақша айналыс жылдамдығының өсуі және т.б. жатады. Ақшалай емес факторларға жұмыс өнімділігінің төмендеуі, экономиканың циклдік дамуы, халық шаруашылығы салаларының арасындағы пропорциялардың бұзылуы, экономиканың монополизациясы, директивалық бағаның түзелуі жатады.
Импортталған инфляцияны туындататын сырткы факторларға — елге шетел валюталарының артық ағылуы, импортталған тауарлар бағаларының өсуі және т.б. жатады.
Инфляциялық факторлар экономикалық емес сипат алуы мүмкін екенін ерекше атаған жөн. Адам қылықтарының психологиялық аспектілері (күту инфляциясы), әлеуметтік сілкіністер (соғыстар, апаттар), өкіметке сенімділіктің жоғалуы, саяси тұрақсыздық және т.б. есте болады.
Инфляция факторларын былайша топтаймыз:
— ұдайы өндірістік факторлар: тауарлардың өндірісінің тоқырауы немесе өндіріс көлемінің азаюы жағдайында пайда болады. Экономика құрылымының бұзылуы: өндірілген жиынтық өнімнің 3/4 бөлігінің көбі машиналар өндірісі, жабдықтар мен басқа өндіріс құралдардын құрайды, ал тұтыну заттарының өндірісі халық қажеттілігін қамтамасыз етпейді, жұмыс өнімділігінің өсуі мен халықтың ақша табысының арақатынасының бұзылуы;
— қазыналық (фискальды) факторлар — ақша эмиссиясы есебінен бюджеттік тапшылықты жабу, жанама салықтардың өсуі;
— ақшалай факторлар — ұлттық валютаның валюталық бағамының құлдырауы (ол үнемі сипат алып отырады: біріншіден, теріс — валюталық бағамнын тұрақсыздығы билікке деген сенімділікті жоғалтуға әкеп соғады, импорт қымбаттайтын болады, екіншіден, жағымсыз — Қазақстандағы сияқты экономиканың шикізат салаларының дамуын, экспортқа бағытталған салалардың дамуын ынталандырады), шетел валюталардың еркін айналымы (оған сенімділіктің жоғалғаны үшін, ұлттық валютаның, валюта бағамының құлдырауы), қосымша ақша эмиссиясы, несие экспансиясы (өндіріс пен қызметтер өсу қарқынына қарағанда несие қарқынының алдын ала өсуі кезінде, шамадан тыс несиелеу);
— сыртқы факторларға: экспорттың артуынан шетел валюталарының түсімінің ұлғаюы, мемлекеттің сыртқы қарызының шамадан тыс өсуі, сырттан қарыз алу жатады.
Экономикалық теорияда инфляция факторларының бірнеше түсінігі бар. Кейнсиандық теорияның өкілдері көпшіліктен қаржы, ақша-несие саясатының экспансиясы, өндіріс шығындарының өсуі, директивалық бағаның түзілуі сияқты негізгі инфляция факторларын бөліп шығарады. Сұраныс ұсыныстан артык болуы, өндіріс шығындарының көтерілуі, осыған сәйкес, тауарлар мен қызметтерге бағаның есуі, сондай-ақ монополиялық бағалардың өсуі осы факторлардан себеп болады деп саналады.
Тақыстық (ортодоксальный) монетаризмнің жақтаушылары, керісінше тек ақша жиынының артық өсуі бағалардың ұзақ мерзімді кетерілуінің жалғыз себебі болады деп есептейді. Олар тек ақша жиынын жалғыз инфляция факторы ретінде санап, басқа факторларды оның өсу себебі деп қарастырады. Олар инфляцияны халықта бар ақшаның мөлшері өндіріс тауарлары мен қызметтердің жиынтық көлемінен арттырумен біріктіреді. Оның себебі артық сұраныс және ол инфляцияны туындауына жол ашады.
Қазіргі монетаристер, «ақша — бағаның» тұрақты байланысына қарағанда, бағалардың өсуі мен ақша жиынының арасында өте күрделі тәуелділіктің бар екенін мойындайды. Инфляцияны тек қана айналымдағы артық ақша ғана емес, ең алдымен шаруашылық әдістері, ұдайы өндіріс процестерінің бүзылуы, ақша айналымы заңының бұзылуы тудырады.
Жұмыссыздықтың өсуіне, жинау (қорлану) процесінің тежелуіне, шаруашылық байланыстардың шырқын бұзуға әкеліп соғатын инфляция экономикадағы үйлесімсіздікті күшейтіп, ұзақ мерзімді инвестицияларға ынталандыруды жояды; тұтыну сұранысының құрылымын бұрмалайды, ақшаларды нақты байлыққа айналдыру ұмтылысын оятады; ішкі нарық сыйымдылығын бұзады және төмендетеді; нақты жалакыны төмендетеді және халыктың барлық топтарын кедейлендіреді, төлем қабілеті бар сұранысты азайтады; ақша-несие жүйесінің жұмыс істеуін бұзады, оның қорларын азайтады, капиталдарды тарту және салу ауқымында күрес жүргізіледі, елден капиталдың кетуін (жылыстауын) күшейтеді; халықаралық экономикалық байланыстарға жагымсыз әсер етеді, экспорт азайып, импорт өседі, елдің төлем балансы нашарлайды; қаржыландыру процесіне, мемлекеттік бюджетке жағымсыз әсер етеді, мемлекет қарызы көбейеді; валюталық дағдарыс күшейеді.
Одан басқа халықтың өмір сүру деңгейі төмендеу себебінен инфляция қогамда элеуметтік шиеленісті күшейтеді, шағын және орта өндірушілер мен кәсіпкерлер шығынға ұшырайды.
ІІ. ҚР-да антиинфляциның түсініг мен мәні
2.1. Инфляцияны реттелу іс-шаралары
Инфляциямен күресу және инфляцияға карсы арнайы бағдарламаны жетілдіру экономиканы тұрақтандырудың қажетті әлементі болып табылады.
Осындай бағдарламаның негізінде инфляцияны анықтайтын себептер мен факторларды талдау, оны ойдағы деңгейге дейін азаюту иемесе жоюға себепкер болатын экономикалық саясаттың шараларының жиынтығы жату керек.
Инфляцияға қарсы саясат инфляцияны қыскартуға бағытталған, экономиканы мемлекеттік реттеудің шаралар жиынтыгы болып ұсынылады. Осы шараларды ұзақ мерзімді сипатты мақсаттар мен әдістерді енгізетін стратегиялык және қыска мерзімді нәтижелер алуға бағытталған тактикалық деп бөлуге болады.
Инфляцияға қарсы стратегия ақша-несие, бюджеттік, радикалды ақша реформаларын өткізгенге дейін салықтық шаралардың кең жиынтығын көрсетеді.
Инфляцияға карсы тактика ағымдағы инфляцияның қысым жасауын азайтатын қысқа мерзімді әрекет шараларын білдіреді. Оның әдістері сұранысты бірге өсірмей ұсынысты кенет көбейтуге мүмкіндік береді. Мысалы, бағалар мен жалақы қатынастарына қатаң бақылау (бағалар мен жалакыныц өсуін уақытша тоқтату), кәсіпкерлікті салықтық ынталандыру, өмірлік маңызы бар салалар мен өндірістерді мемлекеттік шаруашылық шығындарды қолдау.
Қазіргі тәжірибе экономика жағдайына байланысты инфляцияны реттеудің екі нұсқасын бөліп көрсетеді:
— Дефляция (латынша «deflatio», «үрлеп шығару» деген мағына береді) саясаты ақша жиынының, несиелердің, жалақылардың, ең аяғы төлем кабілеті бар сұраныстың шектеулі өсімімен байланысты. Бірақ, бұл саясат экономиканың тым қызып кетуін тежеу мақсатымен экономикалық өсудің талаптарына ғана сай келеді.
— Табыстар саясаты стагдефляция (инфляцияның экономиканың құлдырауымен қоса жүруі) кезінде қолданылады, мемлекеттің бақылауымен жалақылар мен бағалардың өсу қарқынының үйлесімімен келісімін тіпті олардың толық тоқтауы немесе өсу шектерін анықтап көрсетеді.
— Инфляцияға қарсы саясаттың нұскалары елдегі жағдайларға және осы немесе басқа кезең уакытында халық шаруашылығындағы басымдылыктарға байланысты таңдалады. Егер экономикалық өсуді тежеу мақсаты қойылатын болса, онда дефляция саясаты өткізілуші еді, егер экономикалық өсу ынталандыру мақсатымен болса, онда артыкшылықтар табыс саясатына беріледі.
— Қазақстан экономиканы реформалау, орталықтандырылған тәртіптен директивті нарыктық экономикаға өту кезеңінде инфляцияның барлық түрлерінен өтті, оның маңызды себептері — тәртіпке келтірілген экономикалық байланыстардың бұзылуы, ауыл шаруашылығынан кейін өнеркәсіп тауарлары мен өнімдеріне бағаларды босату, энергетикалық дағдарыс, экономика құрылымындағы көшірулер және т.б., яғни жоғарыда аталған осы себептер инфляциянын факторлары болып табылады.
Қазіргі уақытта баяу инфляция (5-7%) сақталып отыр. Қазақстанда бейімделу саясаты әзірленді, яғни экономиканың барлық субъектілері өз іс-әрекеттірінде — бәрінен бұрын теңгенің төлем қабілеттілігінін төмендеу шыгынын есепке ала отырып, инфляцияға көңіл койып отыр. Бұл жерде шығынды өтеу үшін негізінен инфляцияның шамасына қарай пайыз мөлшерлемесінің индексациялау әдісі қолданылады. Мысалы, сыйақыға банктен несие алу үшін инфляцияның деңгейіне байланысты пайыздық мөлшерлемені көтереді, яғни қайта қаржыландыру мөлшерлемесі + инфляция + маржа.
Инфляцияға карсы саясатты әзірлеу үшін бастапкы пункт тамыры қайта өндіру механизмінде жаткан инфляция теориясының дамуы болып табылады. Ұзақ инфляция факторынын тежейтін шаралар анықталып және инфляцияға қарсы ұзақ мерзімді стратегияның әзірленуін білдіреді.
Бұл жалпы шараларға мыналар жатады:
— экономиканы сауықтыру, Қазақстан 2003-2015 жж. индустриалды – инновациялық даму стратегиясын (ИИДС) қабылдаумен және оны жүзеге асырумен экономиканың шикізаттық бағытынан жоғары технологиялы, бәсекеге кабілетті экономикаға өтуге тырысады;
— саналы инвестициялык саясатқа көшу. Қазақстан инфлясының бір жақтылығынан зардап шегіп келеді, барлық шетел инфляцияларының 90%-ы шикізатқа, кен өндіру салаларына салынады. Осыған байланысты ИИДС-сы республикамыздық шетелдік және ішкі инвестициялардың маңызды бөлігін өндеуші өнеркәсіпке бағыттауга ниет етіп отыр.
— дәстүрлі емес тауарларды (тұрғын үй, жер, бағалы қағаздар және т.б.) нарықтық айналымға белсенді тарту. Қазақстан тұрғын үй бағдарламасын, ипотекалық бағдарламаны, жаңа Жер кодексін әзірлеумен тұрғын үй құрылысын, ипотека жүйесін дамытуға және тұрғын үй мен жерді нарыктық айналымға белсенді қосуга көңіл бөліп отыр;
— қызмет көрсету нарығын дамыту. Республикада бұл бағытта белсенді жұмыс жүріп жатыр. Инфрақұрылым, қызмет көрсету аясы (оның үлесі ЖІӨ-нің 50%-нан астамын құрайды) даму үстінде;
— экономика мен қоғам тұрақтылығының кепілі болып табылатын кіші және орта бизнесті дамыту. Бұл бизнес негізінен халық тұтынатын тауарлар өндірісінде және саудада, қызмет көрсету аясында болады. Ол мықты бәсекені қалыптастырады;……