Математикалық жұмбақтар
Сабақтың мақсаты: Пәнге деген қызығушылығын арттыру есте сақтау қабілеттілікті дамыту.
Білімділік және тез есептеп ойлауға. Логикалық ойлау қабілетін дамытуға. Белсенділікке, жауабын талдай білуге үйрету.
Тәрбиелік: Тапқырлыққа, табандылыққа, іздемпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық оқушылардың ой өрісін дамыту, өз пікірлерін жеткізе білуге дағдыландыру.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивтік тақта, тапсырмалар, қалам, қағаз.
Математикалық нақыл сөздер:
Санау мен есептеу – ойды тәртіпке келтіреді. (Песталоции)
Ештеңе оқымаған адам, ештеңе ойламайды да.(Дени Дидро)
Сабақтың жоспары:
Ұйымдастыру
Жүргізуші сөзі
Топтардың сәлемдесуі
Жұмбақ ойын (әріптерді алмастыру)
Әзіл сұрақтар
Жұмбақ ойын (кесе)
Қанатты сөздерде сандардың қолданылуы. Жалғасын тап
Қарандаш қай қалтада (фокус)
Сөз құрастыру
Жүргізуші
Бүгінгі білімді жастарды анықтайтын, білімге қызығушылығын арттыратын «математикалық ой жұмбақтар сыры» атты танымдылық ойымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Жүргізуші
Қош келіпсіздер құрметті ұстаздар мен оқушылар!
1 Жүргізуші
Бүгін Сіздер математика жайлы көптеген мағлұматтармен танысасыздар.
2 Жүргізуші
Математика адам ойы арқылы ғана жүзеге асады. Сондықтан математика адам ойын тәртіпке келтіретін ғылым деп саналады.
1 Жүргізуші
Қазір біз сендердің бойларыңдағы қабілеттеріңді шыңдауда «Математикалық ой — жұмбақтар сыры» атты танымдық ойынымызды бастаймыз.
2 Жүргізуші
Уа халайық, халайық
Бәріңе жар салайық
Бүгінгі кеш төрінде
Математика елінде
Математика тілінде
Есеп шешіп жарысып
1 Жүргізуші
Шабыт тасып шалқысын
Есептен ән салып.
Көңілді кеш жасайық
Ат салысып аянбай
Бар өнерге салайық.
2 Жүргізуші
Шақырамыз топтарды ортаға
Қол соғады көрермендер таңдана
Сайыскерлер өнеріңді ортаға сал
Осы кеште біліміңді сынап ал
Білмегеніңді осы бүгін біліп ал.
1 Жүргізуші
Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты
Білім мен тапқырлықтың жарысында.
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.
2 Жүргізуші
Әділқазылар алқасының мүшелерімен таныс болыңыздар.
1.
2.
3.
1 Жүргізуші
Ал қанекей сайысты бастайық
Ұрандарымызды айтып
Өзімізді таныстырып тастайық.
(сөз кезегін әр топқа береміз)
Ортаға 7а 7 ә 7б 7в сыныптарын шақырамыз. (әр топ өздерін таныстырып, ұрандарын айтады).
2 Жүргізуші
Сайыс кезеңдерімен таныс болыңыздар:
1 кезең. Жұмбақ ойын «әріптерді алмастыр»
Жұмбақты дұрыс шешу үшін цифрлардың орнына қойылған әріптерді тиісті сандармен алмастыру керек.
α8×2δ=9δ0
1α4×δ1b=b9144
α3α: δα=3δ
89α: δ7=bb
2 кезең. Әзіл сұрақтар (ауызша )
Жыл он екі айдың ішінде 30 және 31 сандары ауысып отырады. Ал 28 саны қай айда кездеседі?
Оңынан да солынан да жазғанда өзгермейтін цифрлар бар? Ол қандай цифрлар?
86 санын ешқандай амал қолданбай 12 — ге арттыр.
Ешқандай арифметикалық амал қолданбай 666 санын 1, 5 есе арттыр.
3 кезең. Жұмбақ ойын. «Қарындаш қай қалтада?»
Қарындаш алған адамның нөмірін (нешінші орында тұр), 2 — ге көбейтеді.
Шыққан көбейтіндіге 3 — ті қосамыз
Шыққан қосындыны 5 — ке көбейтеміз
Егер қарындаш оң қалтада болса (+8), ал егер сол қалтада болса (- 9)
Шыққан санын айтады
Шыққан саннан 22 — ні азайтамыз
(Қарындаш алған адамның, сол жақтағы санын айтамыз. Егер аталған санның екінші цифрі – 1 болса, оң қалта, егер 2 болса сол қалта болғаны.)
4. кезең. Қанатты сөздерде сандардың қолданылуы, жалғасын тап.
1) Жетіге келгенше,…..
2) Отыз күн ойын,……….
3)…….., жетпіс өнерде аз.
4)…….. қырқыңда қыр баспассың.
5) 100 теңгең болғанша………
6) Болар бала,…………
7) жеті жұрттың тілін біл,………..
8)…………, қырық үйден тыю.
9) Жігіт бір сырлы,……….
10) он мың сөздің түйінін,………
5 кезең. Сөз құрастыру
1 топ. Цилиндр 2топ. Пирамида 3топ. Трапеция 4топ. Квадрат
Қорытынды:
1 Жүргізуші
Математика барлық пәндердің патшасы,
Онсыз құрылмайды өлшеусіз картасы.
Нақты жауап, ой — толғауын ашатын,
Жауаптарын дұрыс шешіп табатын.
Ғылымдардың сыр сандығын жинақтап,
Дәлелдейді, шығарады салалап
Керегіне жаратамыз біз оны
Онсыз пәннің, келіспейді ажары.
2 Жүргізуші
Шыдамды еңбек алғыр ой,
Көңілге оны тоқып қой.
Ғылымдардың патшасы,
Анық оны біліп қой.
Математикадан табылмақ,
Өмірдегі болатұғын заңдылық.
Математикалық ой – жұмбақтар сыры жүктеу