Жазықтық фигураларының ауданын табу

0

III. Топты жұмыс.Оқушылар әр деңгейлі 10 бекітуге тапсырма орындайды. Әр оқушы 1 тапсырманы өздері таңдап алады. Топтар өзара тексеріс жасайды. Мұғалім қажет болған жағдайда бағыттаушы сұрақтар қояды және шешуін түсіндіріп талдайды. Сонымен қатар, топтық жұмыс кезінде әрбір оқушының үлесін бақылайды.

Бағалау критерийлері:Оқушы

  • Фигуралардың түрін анықтай алады;
  • Соған сәйкес қасиеттері мен ерекшеліктерін айта алады;
  • Сәйкес формулаларды жаза алады.
  • 1-топ тапсырмалары1.Биіктігі гипотенузаны 6 см және 54 см кесінділерге бөлетін тік бұрышты үшбұрыштың ауданын табыңыз. 2.Берілген үш қабырғасы 5 см, 6 см, 9 см бойынша үшбұрыштың ауданын табыңыз. 3.Үшбұрыштың екі қабырғасы мен арасындағы бұрыш берілген: 12 см, 6 см, 300. Үшбұрыштың ауданын табыңыз. (1 балл)4.Боялған бөліктің ауданын табыңыз. Масштаб сақталмаған. (3 балл)

    5.Тікбұрышты үшбұрыштың катеті 8 см ге тең, ал оның бір сүйір бұрышы 45 тең. Берілген үшбұрыштың ауданын тап. 6.Теңбүйірлі үшбұрыштың табаны 5см., ал табанына қарсы жатқан бұрыш 60 тең, берілген үшбұрыштың ауданын тап. 7. Үшбұрыштың бір қабырғасы 6 см-ге тең, ал оған түсірілген биіктік— 8см. Үшбұрыштың ауданын тап.

    8.Қонақ бөлмесінің схемасы берілген. Осы схеманың көмегімен бөлменің ауданын тап.

    9.АВС үшбұрышында АВ=3, BC=6 және ауданы 6-ға тең. ABC бұрышының синусының мәнін тап. 10.АВС үшбұрышының ВС қабырғасына түсірілген медианасы АD. АВ=12, АD=8 және sin(BAD)=0,25 екендігі белгілі. АВС үшбұрышының ауданын тап. (3 балл)11.SQRT тіктөртбұрышы берілген. Сызба бойынша PRT үшбұрышының ауданын тап. (2 балл)12.Тік бұрышты үшбұрыштың бір бұрышы 300-қа тең. Осы үшбұрышқа іштей сызылған шеңбердің радиусы 4 см-ге тең болса, онда осы үшбұрыштың ауданын есептеңіз.

    Бағалау критерийлері:Оқушы

  • үшбұрыштың түрін анықтай алады;;
  • Соған сәйкес аудан табу формуласын қолданады;
  • Үшбрыштың ауданын табады.
  • 2-топ тапсырмалары

    1)Тік төртбұрыштың бір қабырғасы 5см, ал екіншісі одан екі есе үлкен. Оның ауданын табыңыз.2)Квадрат ауданы 36 см². Оның қабырғасының ұзындығы неге тең?3)Параллелограмм табаны 8 см, ал оның ауданы 56 см². Параллелограммның биіктігін табыңыз4)Ромбының диагоналдары 12см және 7см. Ауданын табыңыз.5) Катеттері 6 см және 8 см болатын тік бұрышты үшбұрыштың ауданы неге тең?

    6) Сурет бойынша ауданды табыңыз: а) боялған бөліктің; b) ашық бөліктің. (ABCD — квадрат)

    8. Қабырғалары 9 және 14 болатын параллелограммның ауданын табыңыз, егер оның үлкен биікітігі 10 болса.

    9. Параллелограммның ауданын 30. Бір қабырғасы 5. Осы қабырғаға түсірілген биіктікті табыңыз.

    10. Қабырғаларының ұзындықтары 5 және 12 болатын шаршылардың аудандарының қосындысына тең болатын шаршының қабырғасының ұзындығын табыңыз.

    11. Периметрі 30 см, ал бір қабырғасы екіншісінен 5 см кіші болып келетін тіктөртбұрыштың ауданын табыңыз.

    12 АBCD – параллелограмм, S = 40. Параллелограммның қай биіктігін таба аламыз?

    13 АBCD — параллелограмм, SABCD = 24. Параллелограммның периметрін табу керек, егер оның биіктіктері 3 және 4 болса.

    14) АBCD – параллелограмм. Параллелограммның ауданын тап.

    15) АBCD – параллелограмм. Параллелограммның ауданын тап.

    16) Параллелограммның бұрыштарын тап, егер оның ауданы 40 см2, ал қабырғалары 8 см және 10 см болса.

    Бағалау критерийлері:Оқушы

  • Әр түрлі төртбұрыштардың түрін анықтай алады;;
  • Соған сәйкес аудан табу формуласын қолданады;
  • Ауданын табады.
  • 3-топ тапсырмалары1.Табандары a және b, ал биіктігі h трапецияның ауданын табыңыз. а) a=9см, b=7см, h=4смб) a=15см, b=5см, h=11см.2.Трапеция ауданы 60см2, ал оның биіктігі 2см-ге тең. Егер трапеция табандары 5:7 қатынаста болса, олардың ұзындықтарын тап. 3.Трапецияның биіктігі мен табандарының қатынасы 5:6:4. Трапеция ауданы Sтр=88см. Биіктігі табанынан кіші болса, трапецияның кіші табанын табыңыз. 4.Трапецияның кіш табаны биіктігіне тең және үлкен табаннан 2 есе кіші. Егер трапеция ауданы Sтр=54см2 болса, онда оның биіктігін табыңыз. 5.Трапецияның табандары 12см және 16см, оның диагоналдары өзара перпендикуляр. Трапеция ауданын табыңыз. 6.Тік бұрышты трапецияның табандары 5 см және 17 см, ал кіші бүйір қабырғасы 10 см. Трапеция ауданы: 7.Трапецияның параллель қабырғалары 6 см және 9 см, ал оның биіктігі 4 см. Трапеция ауданы:8.Трапеция ауданы 25 см2, ал биіктігі 5 см. Табандарының қосындысы: 9.Трапецияның биіктігі 7 см, ал табандарының біреуі екіншісінен 5 есе үлкен. Егер трапеция ауданы 84 см2 болса, оның табандарын анықта. 10.Трапецияның табандары 1 және 3, ал биіктігі — 1. Трапецияның ауданын тап.11. Трапецияның орта сызығы және биіктігі сәйкесінше 3 және 2 тең. Трапецияның ауданын тап.12.Трапецияның табандары 8 және 34, ал оның ауданы 168. Трапецияның биіктігін тап.13.Трапецияның табаны 13, ал биіктігі 5, ал трапецияның ауданы 50. Трапецияның екінші табанын тап.14.Трапецияның орта сызығы 12, ал трапецияның ауданы 96. Трапецияның биіктігін тап.15.Трапецияның табандарының біреуі биіктігінен 3 см – ге кем, ал екіншісі 3 см-ге артық. Егер трапеция ауданы 45см2 болса, оның табандарын және биіктігін табыңыз. 16.Тең бүйірлі трапецияда бүйір қабырғасы 10 см, диагональі – 17 м, ал табандарының айырмасы 12 см. Трапецияның ауданын табыңыз. 17.Тең бүйірлі трапецияның биіктігі табандарымен 3:5:13 қатынаста, ал бүйір қабырғасы 15 см. Трапеция ауданын табыңыз.

    Бағалау критерийлері:Оқушы

  • Трапецияның биіктігін дұрыс табады;
  • Трапецияның бүйір қабырғаларын дұрыс табады;
  • Тең бүйірлі трапецияның қасиеттерін қолданады;
  • Трапецияның периметрін дұрыс табады;
  • Трапецияның бұрыштарын дұрыс табады;
  • Трапеция ауданының формуласын қолданады;
  • Трапецияның ауданын дұрыс есептейді. 
  • IV Біліміңді тексерТест тапсырмалары беріледі теория негізінде 5 сұрақ әр топқа

    .