Үшбұрыштар теңдігінің бірінші белгісі, тең үшбұрыштар
Екі үшбұрыш тең деп аталады, егер олардың сәйкесінше қабырғалары және градуспен есептелген сәйкесінше бұрыштары тең болса. Осы сабақта үшбұрыштар теңдігінің бірінші белгісі оқылады.
Теорема
Бір үшбұрыштың екі қабырғасы және олардың арасындағы бұрышы, екінші үшбұрыштың сәйкесінше қабырғалары мен олардың арасындағы бұрышына тең болса, онда бұндай үшбұрыштар тең болады.
Бұны мына суретте көре аласыз:
Осы суреттегі BAC және B1A1C1 үшбұрыштар тең, себебі BA = B1A1, AC = A1C1 және олардың арасындағы бұрыштар да тең.
Пән: Геометрия