Геометриялық оптика. Жарықтың түзусызықты таралуы. Көлеңке, сағым, тұтылу. Жарықтың жылдамдығын эксперимент жүзінд

0
Сабақ тақырыбы: Геометриялық оптика. Жарықтың түзусызықты таралуы. Көлеңке, сағым, тұтылу. Жарықтың жылдамдығын эксперимент жүзінд

 

Автор: Бозаева Нуркайша Жалгановна

 

Бағыты: Физика Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: 11 сынып

 

Жарияланған уақыты: 2019-01-06

 

Материал туралы қысқаша түсінік

 

1. Оқушыларға оптика заңдары, Күннің және Айдың тұтылулары, көлеңке, сағымның пайда болуы және жарықтың жылдамдығын өлшеу, жарықтың шағылу, сыну заңдары, жазық айна, сфералық айна туралы түсінік беру


Сабақ тақырыбы: Геометриялық оптика. Жарықтың түзусызықты таралуы. Көлеңке, сағым, тұтылу. Жарықтың жылдамдығын эксперимент жүзінде анықтау. Жарықтың шағылу құбылысы. Жазық және сфералық айналарСабақ мақсаты:

  • Оқушыларға оптика заңдары, Күннің және Айдың тұтылулары, көлеңке, сағымның пайда болуы және жарықтың жылдамдығын өлшеу, жарықтың шағылу, сыну заңдары, жазық айна, сфералық айна туралы түсінік беру.
  • Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.
  • Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.

Сабақ түрі: араласСабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауапСабақ барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.ІІ. Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:

  • Ньютонның үшбұрышты призмамен жүргізген тәжірибесін айтып беріңдер.
  • Қандай құбылысты дисперсия деп атаймыз?
  • Толықтауыш түстер деп қандай түстерді айтамыз?
  • Алғашқы түстер деген не?
  • Кемпірқосақтың пайда болуын түсіндіріңдер.
  • Қандай жарық табиғи, ал қандай жарық поляризацияланған деп аталады?
  • Поляризациялағыштың талдағыштан айырмашылығы неде?
  • Поляроидтар дегеніміз не?

ІІІ. Жаңа сабақ. Геометриялық оптика заңдары:

  • Жарықтың түзу сызықты таралу заңы: жарық сәулесі біртекті ортада түзусызық бойымен таралады.
  • Жарықтың тәуелсіз таралу заңы: жарық сәулелері бір-бірімен кездескенде әрқайсысының әрі қарай таралуына әсер етпейді.
  • Жарықтың шағылу заңы: 1) (1) түскен сәуле, (2) шағылған сәуле және екі ортаның шекарасындағы сәуленің түсу нүктесіне жүргізілген перпендикуляр бір жазықтықта жатады; 2) түсу бұрышы шағылу бұрышына тең.
  • Жарықтың сыну заңы: 1) (1) түскен сәуле, (3) сынған сәуле, орталарды бөлетін шекарада сәуленің түсу нүктесіне тұрғызылған перпендикуляр бір жазықтықта жатады; 2) түсу бұрышының синусының сыну бұрышының синусына қатынасы берілген екі орта үшін тұрақты шама болады да, бірінші ортаның екінші ортаға қатысты сыну көрсеткіші деп аталады, яғни

Ферма принципі: жарық кеңістіктің бір нүктесінен екінші нүктесіне ең аз уақыт кететін жолмен жүріп өтеді.Көлеңке дегеніміз –мөлдір емес дененің артындағы кеңістіктің жарық энергиясы түспейтін аумағы.Күн мен Ай тұтылулары.

Жарық жылдамдығын анықтаған ғалымдар:Астрономиялық әдістермен: 1675 ж. дат астрономы Оле Ремер. с=2,27ּ105 км/с.1722 ж. ағылшын астрономы Джеймс Брадлей. с= 30300 км/с.

Лабораториялық әдістермен:1849 ж. француз физигі Арман Ипполит Луи Физо. с= 315000 км/с.1923 ж. Майкельсон. . с= (2997964) км/с.Жарықтың шағылуы деп екі ортаның шекарасына бағытталған жарық сәулесінің жүру бағытының өзгеру құбылысын айтады. Бұл жағдайда жарық сәулесі шыққан ортасына қайта оралады.

(а)-сурет бойынша:(1), (2)-параллель жарық сәулелері.α-түсу бұрышы.φ -шағылу бұрышы.υ1-жарықтың бірінші ортада таралу жылдамдығы.(ә)-сурет бойынша:1-сәуле жүрген қашықтық 2-сәуле жүрген қашықтық .Ендеше АС және DВ кесінділері тең. Олай болса, , өйткені , АВ қабырғасы ортақ., . Сондықтан . (б-сурет бойынша).: , яғни , яғни Демек, . Шағылудың екінші заңы дәлелденді.Дұрыс немесе айнадан шағыоу дегеніміз –ол теп-тегіс беттен шағылу.Шашырау немес диффузиялық шағылу –бұдыр беттен шағылу.Жазық айна деп тегісөңделген және шағылдыратын қабатпен жабылған қисықтық радиусы шексіздікке ұмтылатын жазық бетті айтады. S1 нүктесі жарық көзінің S кескіні.Жарық шығарып тұрған S нүктесінен Z айнаға дейінгі қашықтықтың Z айнадан S1 нүктесіне дейінгі қашықтығына тең : -жазық айнаның формуласы.Жазық айнадан алған кескіннің кемшілігі оның айналық симметриялылығы.Жазық айнаны айналық санау үшін қолданады.

ІV. Пысықтау.

  • Геометриялық оптика нені зерттейді?
  • Жарық сәулесі дегеніміз не?
  • Жарықтың түзу сызықты таралу заңы қалай тұжырымдалады?
  • Жарықтың тәуелсіз таралу заңы қалай тұжырымдалады?
  • Жарықтың шағылу заңын тұжырымдаңдар.
  • Жарықтың сыну заңын тұжырымдаңдар.
  • Ферма принципін тұжырымдаңдар.
  • Көлеңке деген не?

V. Үйге тапсырма: §4.8 . Геометриялық оптика. Жарықтың түзусызықты таралуы. Көлеңке, сағым, тұтылу. Жарықтың жылдамдығын эксперимент жүзінде анықтау. §4.9. Жарықтың шағылу құбылысы. Жазық және сфералық айналар.VІ. Қорытындылау. Бағалау.

Материалды сайттан тегін жүктеу

 

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!

 

Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.