Жалаңаш қыздарды талқылағанды білесіздер: Байзақова Қазақстандағы күрделі проблемалар туралы сөз қозғалмайтынын айтып ашынды
КТК арнасының “Астарлы ақиқат” бағдарламасында Айжан Байзақованың клубында шешінген екі қазақ қызы жайлы сөз қозғалды. Блогер қыздарды шешінуге мәжбүрлемегенін, қазақстандықтардың бұдан да күрделі проблемаларды қолға алмайтынын айтып күйінді.
Байзақованың айтуы бойынша, өзі де қыздардың қалай тез шешінгенін байқамай қалған. Клубта өтетін сайыстар көп. Алайда, сайыстарда адамды шешіндіруге итермелейтін талаптар жоқ.
“Оларды ешкім қинамады. Өздері шешінді. Бірақ мұндай жағдай тек біздің клубта ғана орын алмайды. Қазақстанның, Алматының барлық клубтарында болады. Тек мен сахнада болған соң, жағдай ушығып кетті. Мені түрмеге қыздарды шешіндіргенім үшін емес, сахнада боқтағаным үшін жапты. Заң бойынша клубта боқтауға болмайды екен”, — дейді ол.
Байзақованың сөзінше, клубта шешінген қыздардың біреуі ақшаны оған қайтарып берген. Ақша үшін емес, өз қалауы бойынша сондай күйге түскенін айтқан.
2017 жылы “Тәуелсіздік күнінде” орын алған оқиғаға қатысты желідегі белсенділер блогер жайлы видео түсіріп, оны жазалау туралы пікірлерін білдірді. Байзақова Қазақстанда клубтағы жағдайдан да күрделі проблемалардың барн екенін айтып ашынды. Олардың талқыланбайтынына іші күйді.
“Жалаңаш қыздар туралы видео түсіріп, олар туралы пікір білдіресіздер. Бірақ бізде түсініксіз себептермен сотталмай қалатын қылмыскерлерге, педофилдерге қатысты проблемалар туындағанда неге бәріңіз жиналып, видео түсірмейсіздер”, — дейді Байзақова.
Сонымен қатар, бағдарламаға спикер ретінде келген сыншы Әмина Құрман Байзақованың бойында жігер мол екенін айтып, оған жақсы жаққа қарай өзгеруге кеңес берді.
“Айжанның бойында өз қатарластарына қарағанда әлдеқайда мықты ерік, жігер бар. Энергиясы мол. Соны тасқындатып бір арнаға құйса, өз орнын табар еді. Өзінің ерекшелігін, артықшылығын көрсету үшін осындай қадамға барды ма деп ойлаймын. Ешкімді тонаған жоқпын, өлтірген жоқпын ешкімге зияным жоқ, өмірім өзімдікі, не істесем де өзім білемін деп айтуға болмайды. Өйткені қоғамда өмір сүріп жатсың.
Бұл қоғам, қазақ деген ұлттың қызысың, қазақ деген ұлттың ерекше иммунитеті, ұлттық коды болады. Біздің Қазақстан жалаңаш қыздарды қызықтап отыратын еркектерден тұрмайды. Тұлғалардан, азаматтардан, жақсы азаматтардан тұрады. Болашақта басқалар балаңның бетіне бірнәрсені баспау үшін өзгер, ұлтың үшін өзгер. Көптеген жас ұрпақтар үшін өзгер”, — деді ол.
Источник: Stan.kz