Әлемді билеп отырған екінші Ағылшын империясы
Ағылшын тілі қазір дүние халқының ортақ тіліне айналып қолданыс аясы күннен-күнге кеңейіп барады, сірә қандай құдіретті күш Ағылшын тілін алға сүйреп отыр? Кезінде әлемнің төрттен біріне үстемдігін жүргізген құдіретті Ағылшын империясы не үшін ыдырады? Төменде осы сұрақтарға шамамызша жауап беріп көрейік.
Бірінші Ағылшын империясы – Күн батпас империя
Заманымыздың 18 ғасырына дейін әлемдегі ең ірі империяларды дерліктей көшпенді –әскерилер құрып келді, біз білетін айбынды Ғұннардың екі бірдей империясы, Сәнбей, Нониуан, Көктүрік, Ұйғұр, Қарғас, Қидан, Моғұл, Осыманлы, Жоңғар, Мәнжоу империялары соның бұлтартпас дәлелі. Ал ендігі кезекте осы көшпенді әскерилердің күні мүлде батты да, Еуропа елдері жаппай көтерілді. 1236-1237 жылдары Атақты Бату ханның Еуропа жорығы Еуропа жұртына үлкен үрей әкелді, 80 мың адамдық Моғұл жасағы Еуропа жасақтарының тас-талқанын шығарды, тек Шағатайдың ұлы Байдардың 15 мың атты жасағы Еуропаның ең сұрыпталған 60 мың адамдық рицарларының қосынын күйретті. Шаюодағы қырғында да Еуропа жасақтары қойдай қырылды. Арал мемлекет Англия барлық порттарын жауып тастап қорқыныш ішінде отырады. 1260 жылдарға дейін Израиль жеріне дейін жаулап алған Моғұлдың Арғұн ханы Англияға қарсы соғысқа француздарды айдап салады. Осыдан бастап Англия-Франция соғысы ұзақ уақыттар бойы толастамады. 1300 жылы Англияда Масон ұйымы құрылады, осы 14 ғасырда Англияда парламент, университет пайда бола бастады… 15 ғасырдың ортасында Испания мен Португалия Атлант мұхитынан өтіп Америка құрлығын ашты, осы екі ел Америка құрлығында отар құра бастады. Ағылшындар да теңізге сапар шеге бастады. Алғашында олар теңізде қарақшылықпен айналысып, Испанияның Америка құрлығынан қайытқан кемелерін тонап отырды. Аақты қарақшы Драке сол дәуірдің қаһарманы ретінде тарихта қалды. Бұған қарсы 1588 жылы Испания «жеңілмес эскадра» атты соғыс кемелерін аттандырды. Ағылшындар осы құдіретті кеме керуенінің тас-талқанын шығарған, бұл теңіз шайқасының сырлы жұмбағы әлі шешілмеген. Осы соғыстан кейін Ағылшындар теңіздегі қожайындық құқықты қолдарына ала бастады.
15 ғасырдан бастап Еуропада капитализм дами бастады, ең алғаш рет Голландияда банк пайда болды, банктың пайда болуы капитализм қоғамының ең көрнекті белгісі болды. Отарлардан тонаған байлықтар арқылы капитализм қорлана берді. Бұл Еуропаны гүлденген дәуірге бастады. Банк- Еврей өсімқорларының елге қарыз ақша беріп, берген ақшасына қосымша үстеме ақша алатын тәсілімен бірдей заңдылыққа бағынады, ең алғашқы толық қанды капиталистік сипаттағы банк 1694 жылы Англияда құрылды.
17 ғасырдың басында Ағылшындар солтүстік Америкада 13 отар құрды, бұл болашақ Америка Құрама Штаттарының негізін қалады. 1600 жылы Шығыс Үндістан компаниясы құрылды, 1720 жылы тұтас Англияның 15% кірісі Үндістаннан осы компания арқылы келіп тұрды. Осылайша әлем экономикасының үштен бірін иелеп тұрған елді өзіне қосып алды. 1763 жылы жеті жылдық соғыс арқылы Францияны жеңді де Үндістан мен Канададан Француздарды қуып шықты. 1756 жылдан бастап Үндістанды отарлай бастады , 1840 жылы сол замандағы ең ірі империя Цинь империясын жеңіп 21 миллион күміс толем алды, Циньнің қақпасы Еуропа елдеріне ашылды, 1900 жылғы соғыста жеңілген Мәнжоу –Цинь империясы батыс елдеріне 930 миллион күміс төлейтін болды, шынын айтқанда тәуелсіздігінен мүлде айырылып шет елдердің экономикалық бұлауына ұшырады. 1776 жылы Америка тәуелсіздік жариялап Англиядан бөлініп шықты. Десе де, қазына-банк саласында бәрібір Англияның шырмауынан құтыла алмады. Томас Жефферсон, Андреу Жексон, Линкольнндар осы банк жүйесімен күресті.
18 Ғасырдың соңында Англияда Өнеркәсіп революциясы басталды, Айзак (Исаак) Ньютонды ( өзек еткен Англия ғылымы да басқа елдерден көш бойы озық тұрды. Ватттың бу машинасын ойлап табуы, Стефенсонның пойызды ойлап табуы, Англияны дүниенің заводына айналдырды.
18 ғасырда Африкадан негір құлдарды саудалап Америка құрлығына апарып сатты, 1788 жылы Австралияны қосып алды, 1815 жылы Наполеонды жеңді. Осы соғыста Нейсін Ротчайлд Англиядағы ең бай адамға айналды. 1847 жылы Ауғанстанда басып алдып солтүстікте Ресеймен шектесті, 1856 жылы Қырым соғысында Ресейді ойсырата жеңді. Орта шығыс елдерінің көбі, бирма қатарлы елдерді де шылауына ұстады. 1870 жылдары Африканың көптеген елдерін жаулап алды, 1875 жылы әлемдегі ең ірі империяға айналды, әлем халқының 30% ін; Әлем территориясының 25 пайызына үстемдік жүргізді. Англияның осыншама құдіретті империя болуына ғылымының дамуы айырықша ықпал етті, Шекспир, Ньютон, Кауендиш, Дефо, Резерфорд, Максвел, Фарадей, Дейрак, бүгінгі Хоукиң қатарлы атақты ғалымдардың ұлы еңбектері мен байқаулары Англияны құдіретті елге айналдырғаны рас. Қазірге дейін Нобел сыйлығын алғандар саны 80не асып тек Америкадан ғана кейін тұрады.
Англия империясы тек территориясы үлкен, әскері күшті ел ғана болған жоқ , экономикасы да алдыда болды. Сонымен қатар басқа елдердің экономикасының да көтерілуіне ықпал етті. 1870 жылдары Англия банкирлері Америка құрлығына капиталды аямай кіргізіп, Американың көтерілуіне ықпал етті, Рокфеллер, Мроган, Жамус Хилл, Уарбург, Якоф Шчифтердің көтеріліп Американы монополдауы Англиядағы Ротчайлдтардың Американы шеңгелдеу мақсатында болғаны да жалған емес. 1870-1918 жылдары Американың көтерілуі Англия банкирлерінің Америкаға салған қаржысымен, бүгінгі сөзбен айтқанда инвестициясымен тікелей байланысты. Америкаға 60 миллионнан аса иммигранттардың келуі де осыған байланысты. 1776 Жылдан бері Американың билігі Англо-саксондардың уысында болды. Сол үшінде мемлекет тілі Ағылшын тілі болып отыр. 1918 жылы Осыманлылардан Иракты тартып алды. 1929-1933 Жылдардағы Американың ауыр дағдарысы осы Ағылшын-Еврей банкирлерінің қолымен жасалған болатын. Сол тұрғыдан қарағанда Англия 1870-1918 жылдары құлдыраған жоқ керісінше шет елдердің экономикасын шеңгелдеп тіпті де күшейді.
Екінші дүние жүзілік соғыстың жұмбағы
1933 жылы Гитлер Германияның билігін қолына алды, оны бастан ақыр қаржыландырған Лондон мен Нью-Йорктың финанс шонжарлары болды. Олар Гитлердің Австрияны, Чехословакияны жаулап алуына жол берді (шынына келгенде ол кезде Гитлерді тоқтатарға жеткілікті күш бар еді). Тек бұл ғана емес, Польшаға басып кіргенде де Англия мен Франция соғыспай қарап отырды. 1940 жылы Гитлер Англияның 330 мың әскерін босатып жібердің. Оның себебі, Швейцарияға еш қатер төнбейді, онда Англия, Франция, Германияның қызметшілері бірге жұмыс істейді. Сорақысы сол – Германиядан да құдіретті армиясы бар Франция 2 айда немістерден ғажайып жағыдайда жеңіледі. Тек тұтас Еуропаның көп бөлімі Гитлердің табанына түскен соң барып Англия-Америка шындап соғысқа кіріседі. 1944 жылы Нормандиядан Англия мен оның отарлары: Үндістан, Австралия, Канада, Оңтүстік Африка, Американың армиясы құрлыққа шығып, тез арада Францияны азат етіп, Франция соғыста жеңген ел бола салады. Ал, шын мәнісінде, Гитлере Еуропаның байлығын тонатып, соңынан одан қайта тартып алу болғаны анық. А Азия құрлығында Жапонияны астыртын қолдап, солардың қолымен Азияны тонатып, соңында оны да өздерінің қолына түсіреді. Осылайша Лондонмен Нью-Йорк Екінші дүниежүзілік соғыс арқылы әлемнің байлығын қидай сыпырып тонап алады.
Отарлардан бас тарту
Англиялықтар Африкадағы отарларынан қандай да бір ұлт-азаттық соғыстарының салдарынан айырылған жоқ. Керісінше сол елдердің үкіметін өздері құрып беріп, әскерін шегіндіріп әкетті. Африкадан шегінгеннен кейін Африка елдері ауыр дағдарысқа тап болып, миллиондаған адамдар аштық пен ауырудан көз жұмды. Ағылшындар қайтадан келіп бұрынғы отарларына қаржы салып экономикаларына қан жүгіртті, сонымен қатар экономикасын да шеңгелдеп алды.
1947 жылдары Оңтүстік Азия елдерінен шегінген соң Үндістан да бірнеше жылда 10 миллионнан аса адам аштан өліп ауыр дағдарысқа батты. Англиялықтар қайта келіп қаржы қосты, Үндістан, Пакистан, Бенгалдар саяси отарлықтан құтылса да экономикалық отарлықтан құтыла алмады. Бүгінге дейін Үндістанда 300 миллионнан аса халық, әсіресе қаладағы ақ жағалылар ортасы ағылшын тілінде сөйлейді.
Екінші Ағылшын империясы
18 ғасырдан бері дүниенің жартысын билеп, одан қала берді, екі реткі дүниежүзілік соғыстан кейін басым байлықты жамбасына басқан ағылшындар ендігі кезекте дүниені әскери жолмен емес қайта мәдениет, экономика арқылы билеуге көшті. Англиялықтар қазір дүниедегі ең жоғарғы сатыдағы кәсіп-Финанспен айналысады. Елдің жылдық кірісінің 80 пайызын финанстан кіргізеді. Сіз қазіргі ресми мәліметтерге сүйене отырып, Англияның экономикасы әлемде 5 орында екен деп ойлап қалмаңыз. Ол тек Англия аралындағы экономиканың көрсеткіші. Ал, англиялықтардың дүниенің жер-жерінде құрған компаниялары мен заводтарын, қосқан қаржыларын, құрған банктерін , сізбен біз біле бермейтін ықпалдарын қоссаңыз әлемдегі ең әлеуетті экономикалық ірі ел Англия болар еді! Лондон әлемдегі бірінші финанс орталығы. Онда 325 мың адам финанспен айналысып 30% мемлекет кірісін кіргізеді. Сондай-ақ, әлемдегі ең ірі банктер мен атақты ірі кәсіпорындардың орталық офистері Британияда, ал заводдары шет елдерде.
Ал, заманында әлемнің төрттен бірін иелеген империяның қазіргі қарулы күштерінің саны не бары 232 мың ғана. Демек, Ағылшын империясының әлемді әскери күшпен емес, экономикамен шеңгелдеу дәуірі әлдеқашан басталып кеткен. Бұдан тыс, жаһанданудың «ағылшындану» екенін, ағылшын тілінің ықпалының барған сайын күшейіп келе жатқанын тағы қосыңыз. Міне осылайша, ешқандай күш немесе әскер жұмсамай, сыпайы, мәдениетті түрде жаһанды бір тұлғаландырып келе жатқан және ешқандай мемлекеттік шекарасы жоқ, көзге көрінбейтін Ағылшынның екінші империясы өмір сүруде!
Ерзат Кәрібай