Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

«Синий кит» ойынының авторы сотталды

«Синий кит» ойынының авторы сотталды
Фото: Новосибирск сот басқармасы

Ресейдің Новосибирск қалалық соты «Синий кит» Telegram арнасының авторы Илья Погибаловты 9 жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар, оған төрт жыл бойы интернет-ресурстарды басқаруға тыйым салынды.

Погибаловқа бірнеше бап бойынша айып тағылған: кәмелетке толмағандарды өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу, қылмыс жасауға тарту және интернет арқылы осы әрекеттерді ұйымдастыру.

Тергеу мәліметіне сәйкес, 2023 жылы Погибалов өлімге деген патологиялық қызығушылығының нәтижесінде «Синий кит» арнасын ашқан. Арнада ол жасөспірімдерге арнайы тапсырмалар беріп, оларды психологиялық қысым арқылы суицидке итермелеуге тырысқан. Бұл тапсырмалар анонимді кураторлар арқылы таратылып отырған.

«Синий кит» деп аталатын бұл қауіпті ойын көпшілікке бұрыннан таныс — ол жасөспірімдерге біртіндеп күрделене түсетін, ақыр соңында өз-өзіне қол жұмсауға алып келетін тапсырмалар беру арқылы жүзеге асады.

Айыптау тарапының мәліметінше, Погибаловтың әрекеттерінің мақсаты — құрбандарын суицидке жеткізу болған.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.