Атышулы «Biz Birgemiz» қоры таратылды

Қайырымдылық мақсатқа жиналған қаражатты қара басының қамына жұмсады деп айыпталған Перизат Қайрат жетекшілік ететін «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» қоры таратылатын болды.
Бұл туралы Әділет министрлігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметте айтылған.
— Қайрат Перизат жетекшісі болған «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» қоғамдық қорын 2021 жылдың 11 қазанында Астана қаласының әділет департаменті тіркеген.
14 ақпада Астана қаласындағы ауданаралық мамандандырылған экономикалық сотына жоғарыда аталған бірлестікті тіркеу құжаттарының күшін жойып, мәжбүрлі түрде тарату туралы талап арыз түсті. Сотқа талап арыз түсіруге Қаржылық мониторинг агенттігінің «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» қоғамдық бірлестігін тіркеу процедурасының күшін жою туралы бастамасы негіз болды. Ол бастама бірлестікті құру кезінде заңнаманың бұзылуы және ол заң бұзу фактілерін жою мүмкін еместігімен, яғни, заңды тұлғаны сот шешімімен таратуға негіз болатынымен байланысты, — деп жазылған Әділет министрлігінің түсіндірмесінде.
Өткен аптада Перизат Қайраттың ісіне қатысты тың мәліметтер пайда болған еді.
Оған дейін Перизат Қайраттың ісі 100 томнан асқаны айтылған болатын.