Баян Максатқызының күйеу баласы қайтыс болды
Танымал әнші, музыкалық продюсер Бағым Мұхитденованың жары Әділжан Юсупов дүниеден өтті , — деп хабарлайды Massaget.kzтілшісі.
Бұл туралы белгілі продюсер Баян Мақсатқызы желіде жазды.
«Бүгін біз Адиктен айырылып қалдық. Сен сондай жақсы адам, жақсы әке, жақсы жар, жақсы дос бола білдің. Біз сені жақсы көреміз және кеудеміздегі жанымыз соғып тұрғанда сені ешқашан ұмытпаймыз. Иманды бол!» деп жазды Баян Мақсатқызы стористе.
фото: Баян Мақсатқызының инста сторисінен
Әділжан Юсупов – отандық музыка индустриясында өз орнын қалдырған танымал продюсер. Ол дарынды әнші, продюсер Бағым Мұхитденованың күйеуі. Ерлі-зайыптылар 1997 жылы танысып, 2001 жылы отбасын құрған.
Әділжан Юсупов қазақстандық шоу-бизнестегі түрлі өнер қайраткерлерімен бірге жұмыс істеді.