Путиннің баспасөз хатшысы Ақтаудағы ұшақ апатының есебіне қатысты пікір білдірді

0

Ресей Федерациясы президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ақтау маңындағы ұшақ апатын тергеу туралы есепке пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Брифинг барысында Песков Ресейдегі тиісті ведомстволар Қазақстанның Көлік министрлігінің тергеу туралы алдын ала есебін мұқият зерттейтінін мәлімдеді.

«Бұл — алдын ала есеп. Әрине, біздің тиісті ведомстволарымыз оны мұқият зерттейді. Президент әкімшілігінен бұл тақырыпқа пікір білдіру мүмкін емес деп санаймыз», — деді ол.

Ал Росавиация Ақтау маңында құлаған Azal ұшағындағы бөгде заттарды анықтау мүмкін болмағанын мәлімдеді. Ведомство мәліметінше, Қазақстанның Көлік министрлігінің есебі экипаждың өзі қону үшін Ақтау әуеайлағын таңдағанын және Махачкала мен Минводқа қону туралы ұсынысты пайдаланбағанын растаған.

Айта кетейік, 2025 жылы 4 ақпанда Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты тергеудің алдын ала нәтижелері жарияланды.