Сарапшы “АрселорМитталды” қытай инвесторына беруді ұсынды

0

Сарапшы Расул Рысмамбетов «Арселор Теміртау» кәсіпорындарын қытайлық инвесторға беру туралы пікірін білдірді. Бұл туралы Dalanews.kz сайты жазады.

“Дежурный KZ” телеграм арнасының хабарлауынша экономист Қытай инвесторларының ығына жығылып отыр.

Оның айтуынша, тәжірибесі тың және қолында қомақты қаржысы бар қытайлық инвесторлар істі өрге сүйрейді.

“Рысмамбетов мұндай кәсіпорынға екі инвестор – стратегиялық инвестор (ақшасы көп) және басқарушы компания (егер ақшасы болса, онда ол операциялық инвестор) қажет екенін алға тартады.

Бұл ретте ол Baowu-ны – Қытайдағы және әлемдегі ең ірі болат өндіру компаниясын ұсынып отыр.

Сарапшы нақты ұсынысы біржақты көрінбес үшін американдықтар (US steel corp), үнділіктер (tata steel) мен  ресейліктерді (НЛМК немесе Северсталь) шет қалдырмады.

Кәсіпорынның қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты орында екені белгілі. Сондай-ақ өнімді экспорттау мәселесі  өзекті күйінде қалып отыр.

Бұл жерде айта кетерлік жайт, «КарМет» қазір бүкіл әлем бойынша жұмысын біріздендірген Миттал кәсіпорындарының жүйесінде жұмыс істейді және басқа өндіріс орындарына шикізат жеткізуші болып табылады.

Оған зауыттың тозығы жетіп, оны эксплуатациялау қажеттігін қосамыз. Бұл –  жаңа қожайын «КарМет» өнімдерін жеткізуді жаңа деңгейге шығарудан бөлек, комбинатты жаңартып, істі иіріп әкету керек деген сөз. Ал, ол үшін ауқымды қаржы қолбайлау болмау керек.

Бірақ, бұл істе өткен оқиғаларға да көз жүгірту маңызды.

2016 жылы мыңдаған қазақстандық қытайлықтарға «Жерімізді бермейміз!» деген нақты талаппен митингке шықты. Бұл жерде көкейде заңды сұрақ туындайды.

«Бәлкім, Қытай кезекті экономикалық экспансияға жүгініп, «өзіміздікілерді өзімізге  сөйлетіп», ал активті «өздеріне» алуға және қоғамды соған дайын болуға жұмыс жүргізіп жатқан жоқ па?!» деген…

Себебі, инвесторды тағайындау туралы шешімді қанша күтсек, соғұрлым «көрші айдаһардың» сыбырын еститін тәріздіміз.

Ал оның сыбыры қазірдің өзінде пікір көшбасшыларының аузынан ақтарылып жатқандай.

Тек оның соңы талап пен бұйрыққа ұласып кетпесіне кім кепіл? Өйткені, 22-нің қаңтарында қытайлық әскерлер Қазақстанға кіруге қамданған болатын, ал ондай жағдай орын алғанда бізді бүгін не күтіп тұрғаны да белгісіз еді…”, – деп жазады “Дежурный KZ”.

фото: dalanews.kz