Әскердегі сарбаздарға несие беруге тыйым салынады

0

Мерзімді қызметтегі сарбаздарға несие беруге толық тыйым салу туралы Әділет министрлігінде айтылды .

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ерлан Стамбеков Әділет министрлігіндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында хабарлады.

«Әскерде сарбаздардың жас сарбаздарға несие алуға мәжбүрлейтінін дәлелдейтін статистика бар», — деді ол.

Депутат армия әскери қызметшілерді барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етеді деп санайды.

фото: el.kz