«Роза Рымбаеваның баласы болғаны үшін бе?»: «Құрмет» орденін алған Әли Оқапов оңбай сөзге қалды
Қазақ эстрадасынан ойып тұрып орын алатын әнші, музыкант Әли Окапов жаңа марапатқа ие болды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бір топ өнер қайраткерлері түрлі наградалармен мадақталды.
“Бүгін «Құрмет» орденінің иегері атандым! Күтпеген жағдай болды шынымен. Көп рахмет! Осы атаққа лайық еңбек етуге, артылған сенімді ақтауға барымды саламын. Құттықтауларыңызға рахмет! Басымды иемін!”, – деп жазды әнші инстаграм парақшасында.
Әншінің анасы баласының жетістігін сахнада ән айтып тұрғанда естіген. Сол бойда көрерменнен сүйінші сұрапты.
“Концертте Роза Қуанышқызы асқан қуанышпен хабарлады. Ана үшін бұдан артық қандай мәртебе керек”, – деп жазды оқырманы.
Алайда көп тілегі бірдей емес екені белгілі. Желі қолданушылырының басым көпшілігі Әли Оқаповты “Құрмет” орденіне лайық деп санамайды. “Қызғанғаным емес, бірақ ән айтса – өздерінің күнкөрісі, ел үшін қандай еңбек сіңірді осылар”, “Не үшін? Роза Рымбаеваның баласы болғаны үшін бе?», “Ордендердің ді қадірі қалмады-ау”, “Қандай еңбегі үшін?”, “Роза ханымды ренжітпепті”, – деп сынап жатқандары да аз емес.