Сарыағашта педофилге жеңіл жаза берген судьяның жаңа қызметке тағайындалуы: Жоғарғы сот түсіндірді
Жоғарғы сот Сарыағашта 5 жасар қызды зорлап өлтірген педофилге жеңіл жаза берген аудандық сот төрағасының жаңа қызметке тағайындалуына қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жоғарғы соттың мәліметінше, Сарыағаш аудандық сотының төрағасы басшылық қызметтен босатылғанымен, судья ретінде қызмет атқарып жүр.
«Түркістан облысы Сарыағаш аудандық сотының төрағасы Шетенов 2023 жылғы 6 қазандағы арызына сәйкес төраға қызметінен босатылып, сол соттың судьясы болып қалдырылды. Шетеновке қатысты тәртіптік іс қозғалды. Қылмыстық істі қарау кезінде заңның өрескел бұзылуы бойынша іс алқабилердің қарауында жатыр», – делінген жоғарғы сот хабарламасында.
Жоғарғы соттың мәліметінше, тәртіптік іс бойынша шешім алқабилер отырысының қорытындысы бойынша шығарылатынын атап өтті.
Еске салсақ, бұған дейін Түркістан облысында 5 жасар қыздың өлтірген қылмыскерді жеңіл жазалаған судья жағдайға қатысты мәлімдеме жасағаны туралы жазған болатынбыз.