Атыраудан Алматыға жарысқа келген 6 жасар бала белгісіз жағдайда қайтыс болды
Алматыға грэпплинг жарысына Атыраудан келген алты жасар спортшы бала белгісіз жағдайда қайтыс болды, деп хабарлайды Kznews.kz Atpress.kz-ке сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 30 қыркүйек күні түстен кейін орын алған.
Басылымның бейресми дерек көздеріне сілтеме жасап жазуынша, Атыраудағы жекеменшік спорт клубының жаттықтырушысы бір топ баламен грэпплингтен өтетін халықаралық турнирге қатысу үшін Алматыға келген.
«Байқоңыр» спорт клубының жаттықтырушысы 12-14 жастағы жасөспірімдерді жарысқа алып кеткен. Атыраулық спортшылардың тұрғылықты жерінде бір топ бала қалған. Олардың бесеуі дүкенге барып келуге сұранған, олардың арасында алты жасар И. Ж-да болды. Ол жазатайым оқиғаға ұшырап, қайтыс болды.
Оқиға туралы Алматының құқық қорғау органдарына хабарланып, тергеу амалдары жүргізілуде. Мәліметтер нақтылануда.
Фото: ашық дерек көзден