«20 жасқа келген қыз кәрі болады» — Омар Жәлел

0

Белгілі Филолог, абайтанушы Омар Жәлел 20 жастан асқан қыздарға қатысты пікір білдірді. Ол бұл пікірін  Адал адам бағдарламасында айтты, — деп жазады Nege.kz

«Жаспын, өмірім алда» деп айтатын 35 жастағы әйелдер көп. Олар иллюзияда жүр. Негізі өмір құмсағат сияқты өтіп жатыр, олар күн сайын қартайып жатыр. Қазақ айтады: «20-ға келген қыз кәрі болады, өңі кетіп, шырайы сары болады. Ер елуге келсе де, айып жоқ, әрқашан біреудің жары болады» дейді. Объективті шындықта ол – кәрі қыз. Ол кәрі қыз екенін түсінген кезде ғана ақыл кіре бастайды, шешім қабылдайды. Ол көзде көк етікті кездеспейді. Тек көне етіктіге ғана тиеді. Шал ақын: «20-ға келген қыз кәрі болады» дейді. Жақында Салтанат Байқошқарованы тыңдадым. Сонда репродукциологтың айтуынша, қыз баланың тұрмысқа шығатын ең қуатты шағы – 18-20 жас аралығы. Қыз бала жас кезінде тұрмысқа шығуы керек. Ал олар үй салып алайын, мансап жасап алайын деп жүргенде, мүмкіндіктен айырылып қалады», – дейді Омар Жәлел.

фото: inform.kz