Тоқаев төрт министрді қызметінен босатты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев төрт министрді қызметінен босатты, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының жарлықтарымен:
- Марат Кәрімжанұлы Қарабаев Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі лауазымынан босатылды;
- Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымынан босатылды;
- Асхат Раздықұлы Оралов Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі лауазымынан босатылды;
- Зүлфия Болатқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымынан босатылды.