Қытайдағы Жазғы универсиада: Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті

0

Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан ХХХІ Жазғы универсиадада Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті, деп хабарлайды Kznews.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Сұңғат қола жүлде үшін белдесуде өзбекстандық Абдурахим Нутфуллоевты ұтты.

Жарыс барысында С.Жұбатқан мажарстандық, түрікменстандық және әзербайжандық дзюдошыларды қапы қалдырды. Тек жартылай финалда жапониялық спортшыға жол берді.

Универсиада 28 шілде – 8 тамыз аралығында өтеді. Онда 10 спорт түрі бойынша 90 қазақстандық сынға түседі.

Бұдан бұрын Жазғы универсиада тарихында Қазақстан спортшылары қалай өнер көрсеткенін жазған болатынбыз.

фото: rg.ru