Өмірқұл Айниязовтың ұлы той алдында жол апатына түсті

0

“Бір баласы бардың шығар-шықпас жаны бар” деуші еді қазақ. Жанымыз бір шығып, кірді-ау, балам. Тойыңның алдында Алланың сынағы деп қабылда. Үлкен жол апаты болды. Халыққа естіртпей, артын күттік. Шүкір жақсы, ағайын, тойда жолығайық”, – деп жазба жариялады Өмірқұл Айниязов.

Желі қолданушылары өнер иесіне көңіоін аулап, пікір қалдырды.

“Алла шипа берсін”, “Тез сауығып кетсін”, “Қорқыныштың арты қуаныш болсын”, “Бұл да бір сынақ болар”, “Аман болсын”, “Жаманшылықтың бәрі сонымен кетсін”, – деп жазды желідегілер.

Өмірқұл Айниязов алдыңғы сұхбаттарының бірінде ұлын үйлендіретінін, Семей өңірімен, наймандармен құда болатынын айтқан болатын.