«Әскер — колония емес» — Қорғаныс министрі Тұрлыхановтың ұлының қашып кетуіне қатысты пікір білдірді

0

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың әскери бөлімнен қашып кетуіне қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Kznews.kz порталы Tengrinews.kz  сайтына сілтеме жасап.

Үкімет кулуарында журналистердің сауалдарына жауап берген министр Нұрасыл Болаттың тәрбиесіне қатысты ойын айтты.

«Әскери бөлімге оралғаннан кейін Нұрасыл Болат өз еркімен кетіп қалған. Бұл тәртіптік теріс қылық болып табылады және тәртіптік жарғыға сәйкес ол жазаға тартылады. Әскери қудалау органының шешіміне сәйкес ол қолбасшылықтың бақылауында болды және өзі шығып кеткен. Әскер — қылмыскерлерді ұстауға арналған колония емес. Бұл тәрбиеде кеткен кемшіліктер, білесіз бе? Біз тәрбиедегі кемшіліктерді түзете алмаймыз, ол мүмкін емес. Бізде басқа функция бар», — деді министр Жақсылықов.

Коллаж: olympic.kz, видео кадры, gov.kz,