Қазақстандық музыкант Ғалымжан Молданазардың бейнебаяны Канн фестивалінде жүлдеге ие болды

0

Moldanazar есімімен танымал әнші мен режиссер Малик Зенгердің «Kogershin» әніне арналған жаңа шығармашылық жобасының тұсаукесері 14 қазанда өтті. Алты айдан кейін клип беделді Канн фестивалінің көрермендері мен қазылар алқасының ерекше ықыласына ие болды. Бұл Ғалымжан Молданазардың соңғы екі жылдағы алғашқы трегі.

«Ғалымжанды Kogershin әніне арналған бейнебаянының жеңісімен құттықтағым келеді. Бұл шын мәнінде осындай фестивальдар мен байқауларда көзге түскен жалғыз клип емес. Мұндай марапаттар қазірдің өзінде 30-ға жуық! Бұл біздің балаларымыздың талантын әлемнің мойындауы. Шын жүректен құттықтаймын!»,- деп жазды қазақстандық кәсіпкер Арманжан Байтасов.

Видеода музыкант балалардың ойыны арқылы адамзаттың жаһандық трагедиясын көрсетеді және барлық адамдарды бейбітшілік пен келісімге шақырады.

фото: colta.ru